{metadescription}
0:000:00
Ақтауда бесікке таңылған Бекнұрдың анасы алғаш рет сұхбат берді

Ақтауда бесікке таңылған Бекнұрдың анасы алғаш рет сұхбат берді

Жамбасы ойылғанша бесікке таңылып, туыстарынан қорлық көрген сәби жетімдер үйіне өткізілетін болды. Бүгін 1 жасар Бекнұр ісіне қатысты Ақтау соты осындай шешім шығарыды. Бірақ әзірге шектеу күші 6 ай ғана жасалған. Егер жақсы қырынан көрінсе, Жадыра Мырзаеваның ана құқын қайтаруына мүмкіндігі бар. Жауапқа сондай-ақ, Бекнұрдың әкесі мен әжесі және Мұнайлы аудандық Білім басқармасы да тартылып отыр.

Бұл - екі айдан бері журналистердің ғана емес, кішкентай Бекнұрдың тағдырына алаңдаған жұрттың да күткен сәті. Бауыр еті баласын қараусыз қалдырған – Жадыра Мырзаева бүгін алғаш жүз көрсетті. Ана құқынан айырылғалы тұрған келіншек тым сабырлы.

 Айдарбек Тіленов, судья:

- Мырзаева Жадыра кәмелетке толмаған 20 мамыр 2013 жылы туған Мырза Бекнұр Алмасұлына қатысты ата-ана құқынан шектеу туралы талап қанағаттандарылсын!

Осылайша судья тасбауыр анаға баласына жолауға тыйым салды. Ал Бекнұрдың өзін уақытша балалар үйіне жөнелтпек. Бірақ шешім 6 айға ғана жасалып отыр. Яғни, осы уақыт аралығында Жадыра Мырзаева өзін жақсы қырынан көрсетсе, баласын кері қайтарып алуын мүмкіндігі бар. Судья мұны мінездемесінің жақсы боуына сүйеніп жасапты. Сондай-ақ, жарты айға көлемінде алиментті де төлеу міндеттеді. Ал Жадыра баласының қорлық көргенін теледидардан көріп, білгенін айтып ақталды.

Жадыра Мырзаева, Бекнұрдың анасы:

- Жоқ білген жоқпын

- Бесікке байлайтынын?

- Мен кеткенде ондай ештеңе болған жоқ. Бала дені сау, жақсы болатын.

Бекнұр жайындағы бұл оқиға жұрт назарына тамыз айында іліккен еді. Міне, дәл мына кадрдың арқасында. Шарананың шырылдаған дауысын үй аралап жүрген фельдшер естіп, көріністі телефонына түсіріп алған. Кейін белгілі болғандай, 1 жастағы Бекнұр маймыр айынан бері бесікке таңылып 40 градустық ыстықта есік алдында жатып келіпті. Тіпті жамбасы да ойылып кеткен. Мұндай қорлықты оған туған әжесі мен әкесі көрсеткен. Ал осы уақытта күйеуіне ренжіген анасы төркінін жағалап, Шымкентте жүріпті. Енді баласының қайтару үшін келіншек барын салмақ.

Жадыра Мырзаева, Бекнұрдың анасы:

- Жақсы көремін, уайымдадым. Телефонымды жоғалтып алған едім. Олардың ешқандай нөмірі болған жоқ. Теледидардан хабарлағанын көріп, содан кейін келіп отырмын.

Қазір Бекнұр нәрестелер үйінде, дәрігерлер денінің сауыққанын айтады. Жамбасындағы жарасы да ақырындар қайта бастаған. Бірер күнде сот шешімі күшіне енсе, маңғыстаулық жетімдер үйінің біріне жіберілмек. Бұл істе сәбидің әкесі мен әжесі де жауапқа тартылады. Бірақ әзірге екеудің ісі қылмыстық дерек ретінде тергеліп жатыр. Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық Білім бөліміне де қатаң сөгіс жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде