Шаяхметов сотында адвокаттар өзара дауласып қалды
Шаяхметовтің ісіне араласып жүрген адвокаттар енді бір-біріне қарсы шығуда. Өзара келісе алмай жүрген Білім вице-министрі мен оның сыбайласы ретінде қамауда отырған бизнесмендердің қорғаушылары. Соттың істі қайта тергесін деген шешіміне сол құрылыс компаниясы директорлары келіспей отыр.
Автор: Жәудір Оразхан
21.10.2014
Гүлнар Рустамбекова, адвокат:
-Бұл қаулысы заңсыз деп есептеймін. Себібі, сот отырысында қосымша кімдерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігі нақты айтылған жоқ. Онсыз да менің қорғауымдағы Александр Пак 1 жарым жылдан бері терегу изоляторында отыр. Істі қайта тергеуге жібермей, процестің әріқарай жалғасуын сұраймыз.
Пак пен Киреевтың адвокаттарын мемлекеттік айыптаушы да қоштап отыр. Ал, қорғаушылардың бұлайша алаңдауына негіз бар. Егер экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілсе, оның қорытындысын қос құрылыс компаниясының директорларына кем дегенде тағы бір жыл тергеу абақтысында күтулеріне тура келеді. Ал Саят Шаяхметовтың өзі болса қолхатпен үйінде жүр. Екі ай бұрын Астанадағы ауданаралық сот экс-шенеунікке қатысты процесті аяқ асты тоқтатып, қылмыстық істі қайта тергеуге жіберген. Себебі, судья тергеушілердің шала ісі мен куәгерлердің сөзіне күмән келтірген болатын. Шаяхметов пен сыбайластары болашақ инженерлерге арналған мектептің құрылысына бөлінген 1 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!