{metadescription}
0:000:00
«Жүз жылдық махаббат»

«Жүз жылдық махаббат»

Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры жаңа маусымын Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» пьессасының тұсаукесерімен ашты. Айтулы мерекеге сексенге тарта өнер қайраткерлері қатысты. Залда ине шаншыр орын қалмаған.

Биыл құрылғанына 89 жыл толған өнер ордасында жаңа маусымның шымылдығы режиссер Алма Кәкішева сахналаған «Жүз жылдық махаббат» спектаклімен түрілді. Дарабоз ақын Мағжан Жұмабаев туралы пьесаның авторы – Дулат Исабеков Алаш арысын терең зерттеген. Тіпті спектакль атауы бірнеше рет өзгеріске ұшырапты.

Дулат Исабеков, драматург:

–«Жүз жылдық азап» деп қоюым керек пе еді? Бұның аты да бірнеше түрлі болды. «Әлдиле, өлім, әлдиле» болатын алғашқы аты. Ойласа келіп, сахнадан өлім дегенді айта бермейікші деп, «Әлдиле, өмір, әлдиле» дегенбіз. Енді «Жүз жылдық махаббат» болып көрермендерге бара жатыр.

Жаңа туындының желісі бойынша, ақынның туған жерінен жас актриса Мәдина Мағжанның жары – Зылиханы арнайы іздеп келеді. Ол сахнада осы Зылиханың бейнесін сомдауды армандайды. Мәдина тіпті өзі пір тұтатын жанға ауылдан Мағжанның иткөйлегін ала келіпті.

-Сәбит Мұқанов атындағы театрдың актрисасы тауып әкеп берді. Олар біз жайлы спектакль қойғалы жатыр екен. Менің ролімді ойнайтын актриса дәл қазір жанымда отыр.

– Онда ол сен сияқты сұлу болғаны ғой, Зылиха. Шіркін-ай, кіріп барып, көріп қайтар ма еді...

Екі бөлімнен тұратын драмада Зылиханың рөлін белгілі актриса Дәрия Жүсіп ойнайды. Ал сұлулық пен махаббаттың жалынды жыршысы – Мағжан рөлі жас актер Алмас Шаяхметовке бұйырған.

Алмас Шаяхметов, актер:

– Осындай біздің атамызды, тұлғамызды айбоз ақынымызды қазақтың біртуар Алаш азаматын сомдау мен үшін үлкен бақыт деп ойлаймын. Бұл рольді Алла қаласа, мейлінше халыққа жақсы жеткізем деп ойлаймын. Ал, халық өз бағасын бере жатар.

Мағжанқылышынан қан тамған Сталиндік қуғын-сүргін кезеңінде «халық жауы» атанып, 44 жыл ғұмырының он жылын тар қапаста өткізген. Оның қасіретті тағдыры спектакльде аяулы жары Зылиханың естелігі арқылы беріледі. Екеуінің нағыз серттің адамдары екені қойылымда анық көрсетілген. Жарының рухымен тілдескен қайсар әйел қазақтың маңдайына бүгінгідей жарқын күн туғанын баяндайды.

– Халқым аман ба?

– Иа, халқың аман, бекзатым!

– Олар мені есіне ала ма?

– Алғанда қалай? Сен қазір әр қазақтың аузындасың. Қазір елің тәуелсіз елге айналды.

– Шіркін-ай, қабірімнен тұрып, бір көріп қайтар ма едім... 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде