{metadescription}
0:000:00
СҚО-да диқандар бидайды дереу оруға мәжбүр

СҚО-да диқандар бидайды дереу оруға мәжбүр

Солтүстік Қазақстан облысында бидай алқаптары қардың астында қалды. Еңбектері зая кетпеу үшін диқандар комбайндарына мініп, ақ ұлпаның астындағы бидайды орып жанталасуда. Табиғаттан тосын мінез күтпеген олар қар түскенше егістіктің 40 пайызын ғана шауып алуға  үлгергендерін айтуда. Қалғанының малға азық болуға ғана жарайтын түрі бар.

Мұндай ауа райы бұрын дәл осындай кезде болып көрмепті. Биылғыдай қыстың ерте түскені өңірдің көнекөз қарияларының да есінде жоқ. Алқапқа бітік шыққан егінді ору диқандар үшін қияметке айналды. Шаруашылықтар қиындыққа қарамастан техниканы түгел егістік басына айдап шығыпты. Бірақ астық таситын машиналар балшыққа батып қалып жатыр.

Валерии Тоница, механизатор:

-Комбайнды оталдыру қиын. Жанармай қатып қала береді. Оны қыздырамыз, болмаса арнайы қатырмайтын сұйықтық құйып отыру керек. Астыққа жанымыз ашығаннан осы қиындықтың бәріне төзіп жұмыс істеп жатырмыз.    

Жаз бойы төпеп жауған жауынның кесірінен биыл бидай кеш пісіпті. Енді орамыз дегенде күздің жаңбыры мұрша бермеген.

Владимир Зимин, шаруа қожалығының басшысы:

-Біздің  бұл тығырықтан шығар екі-ақ жолымыз бар.  Астықты бастырмай тура комбайнмен орып алу, немесе сол күйі келесі көктемге дейін қалдыру. Әрине екі жағдайда да бидай сапасы туралы сөз қозғаудың керегі де жоқ. Жемге ғана жарайды. Жаз бойғы еңбегіміз осылайша малға ғана азық болатын шығар.

Биыл қызылжарлық диқандар 3 миллионнан аса гектарға бидай сепкен. Ол бітік шыққанымен, орақ науқаны ақсады. Шенеуніктердің есебінше өңірде астықтың 80 пайызы орылған екен. Алайда бейресми деректерге сүйенсек бұл көрсеткіш екі есе төмен. Бұған дәлел мына тас жол бойындағы  астықты алқаптар. Елдің көз алдында өсіп тұрғасын, бұл аймақ әдетте бірінші болып орылатын.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде