{metadescription}
0:000:00
Тасмағамбетов қандай ісімен есте қалды?

Тасмағамбетов қандай ісімен есте қалды?

Билікте жүрген кезінде мансабы көз ілеспес жылдамдықпен өскен Иманғали Тасмағамбетов, ауқымды биографиясына қарамастан, Қорғаныс министрі болып тұңғыш рет тағайындалып отыр. Бұған дейін  премьер-министр, президент әкімшілігінің жетекшісі,мемлекеттік хатшы тіпті  Атырау облысы, мен  Алматы қаласын басқарып үлгерді. Кейін бас қаланы қолына алды. Өзін Назарбаевтың «өнімі санайтын» еліміздегі ең ықпалды шенеуніктердің бірі  Елорданы басқарған кезде қандай істерімен есте қалды?

Иманғали Тасмағамбетов Астананың әкімі болып 2008-інші жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Содан бері аттай 6 жыл өтті. Осы аралықта өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысты. Орталықты жалтыратып   жолдарды жаппай жөндеді. Бірақ қанша тырысса да бас шачардың сәулетіне қатысты Елбасыдан жиі сын еститін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Міне, қараңыздаршы, Сулы жасыл желекте, басқа жерде емес қаланың ортасында, ең өтімді жерде құрылыс жүргізу үшін алынған учаске. Адамдар оның қоқыс жинайтын жер екендігін түсініп, қоқыстарын әкеліп тастайтын болды. Сен соны білесің бе? Бұл барып тұрған бассыздық қой.»Ажар» сауда орталығының артындағы құрылыс 5 жылдан асты әлі бітпеген. Тіпті қирап жатыр. Ешкім қадағалап жатқан жоқ.

Астанаға қоныс аударушылардың басты мәселесі де, талабы да  - баспана мен жер дауы. Халық саны көбейгендіктен Тасмағамбетов Елордаға көшіп келгеніне 5 жыл толмаған отбасыларға үй берілмейтінін мәлімдеді. Тіпті тіркеуге алмауды ұсынды. Оның үстіне саяжайдағы үйлердің жаппай сүру талай жанжалға әкелді. Жұрт әкімдіктің өтемақысына келіспей талай, шу шығарғаны есте. Иманғали Нұрғалиұлы тың бастамаларымен ерекшеленіп,талай тартысқа себеп болғанын ешкім ұмыта қойған жоқ.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

-6 ай қыста осындай бұдырлы шегесі бар  дөңгелектер асфальт шақ келтірмейді. Еуропада мұндай доңғалақпен жүруге рұқсат жоқ Астанада 400 мың машина бар. Көшені тазалап жатырмыз. Енді шегесі бар доңғалақ салып не керегі бар?!

Қонақ көп келетін Астананың қара жұмысы да көп. Бұл міндетті  Иманғали Нұрғалиұлы абыроймен алып шықты. Ал  жиындарда  пәтер сұрап келетіндерді  еңбек етуге шақырып, өзінің өмірін өзгелерге мысал ететін.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

-Студент кезімізде оқығанда жатақхана тимейтін. Сол кезде біздер сол жатақхананың подвалында жататынбыз. Осыны қазір жастарға айтсаң күледі мырс етіп, аңыз санайды.

-Жұмыссыз қалса да, депутат болмаймын деген Иманғали Тасмағамбетов астаналықтардың есінде тынымсыз, еңбекқор әкім ретінде қалғаны анық.

Енді ол ескі орталықтан Есілдің сол жағалауындағы Қорғаныс министрлігінде қызмет етпек. Ал оның орнын басқан Жақсыбековты де қыруар жұмыс күтіп түр. Енді «Экспоны» өткізу соған бұйырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде