Назарбаевтың бастамасы қызу қолдау тапты
Нұрсұлтан Назарбаевтың келер жылы қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі деген бастамасын жұрт жылы қабылдады. Әсіресе, бөркін аспанға атып қуанып жатқан қазақ тілді орта. Тіпті интернет қолданушылары бір-бірінен сүйінші сұрап, тойды қалай мазмұнды өткізу жайын қызу талқыға салуда.
Автор: Ербол Сейілхан
23.10.2014
Қуаныштары қойнына сыймағандар, әзірлікті өздерінше бастап та жіберген. Ұлы тойдың өтетіні жайында түрлі логотиптер дайындап, жаппай ғаламторға салуда. «Қазнет» қолданушыларының арасында Түркі қағанатының 1470 жылдығын да қоса атап өтейік дегендер де табылып жатыр. Бірақ олардың пікірі қаншалықты ескерілетіні белгісіз. Десек те, бұл ұлы тойдың мағынас бөлек болуы тиіс. Мұны Елбасы да айтып отыр. Бір анығы Керей мен Жәнібек құрған қазақ мемлекетінің атаулы датасы елеусіз қалмайтын болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды. Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол, бүгінгідей барлық көршілерімен сызылған шекарасы бар, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық ел туралы да айтуға болады. Біз ата–бабамыздың ұлы істерін жалғастырушы ұрпақпыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!