{metadescription}
0:000:00
Түркістанда үйленгелі жүрген жігітті тепкілеп өлтірген

Түркістанда үйленгелі жүрген жігітті тепкілеп өлтірген

Түркістанда бір топ жігіт үйленгелі жүрген азаматты тепкілеп өлтірді. 25 жастағы Бағдат Атабаевты көршілері үйінен шығарып алып, соққыға жыққан. Жүрегі жарылып, миы езілген ол есін жимастан көз жұмды. Бағдатқа жабылғандардың көп екенін көргендер болса да, тергеу органдары мұны қарапайым екеудің арасындағы төбелес деп тауыпты. Енді полицейлерден шындық таба алмадық деген қаралы отбасы Бас прокуратураға шағымданып жатыр.

Өлемін деп ойлаған жоқ қой, жаным-ау, қайтейін.

Биыл Атабаевтар отбасы жалғыз ұлын үйлендіріп, ұлан асыр тойламақшы еді. Тек 25-ке толған Бағдат той киімін киюдің орнына кебінге оранды. Ай-күннің аманында оны бір топ жігіт үйінен шығарып алып, қан жоса қып тепкілеген. Жабылып ұрғандардың барлығы жақын маңда тұратын көршілері көрінеді.

Бибіайша Сыздықова, марқұмның анасы:

-Мына мойнынан қылғындырған деді. Қолдың ізі қалып кеткен. Сосын жүрек жарылып кеткен. Бұның ішкі құрылысын езіп жіберген деді ғой. Баспен ми езілген.

Бағдат ауруханаға түскенде дәрігерлер бұл бір адамның ісі емес десе, ол өлген соң мәйітханадағылар мүлдем жеңіл жарақаттан көз жұмды деген ұйғарым шығарыпты. Марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін де оның жақындары нақты шындыққа жету үшін Бағдаттың денесін қазып алып тексерту жасатқысы келген. Тек, прокурорлар рұқсат етпепті. Тергеушілер жалпы бұл істі жылы жауып тынбақшы дейді қаралы отбасы.

-Бағдатты бар болғаны 200 метр үйінен алып шыққан 5 жігіт осы араға алып келіп, көліктің жүк салғышынан түсіреді. Сөйтіп, тепкінің астына алған. Жақын маңда зияратшылар орталығы, тұрғынүйлер болғанымен оқиғаны көрдім-білдім деген ешкім жоқ.

Бір балаға бірнеше адамның жабылғанын әу баста көргендер бар. Тіпті, оның куәлігін марқұмның отбасы жазып та алған.

-Ерлан Көккөз деген бала болды.Лақап аты Көккөз. Сосын Бағлан деген бала болды. Үшеуі теуіп, ұрып жатқанын өз көзіммен көрдім. Сосын мен қорқып, артқа қарай шегініп кетіп қалдым. Кетіп бара жатқан кезімде машинамен тағы 2-3 бала келді.

Бірақ көп ұзамай бұл келіншекте өз сөзінен бас тартқан. Отбасыма қауіп төнген соң осылай жасауға мәжбүр болдым деп түсіндіріпті. Ал полицейлер болса Бағдатты бір ғана кісі, яғни оның үйінің маңындағы Зияратшылар орталығының күзетшісі ұрды деген. Өйткені марқұм орталыққа тиісті мүлікті ұрлаған көрінеді.

Файзолла Тұрымов, ОҚО Прокуратурасының басқарма прокуроры:

-Аталған бейнеаппаратты ұрланғаны дәлелденген. Және соны ұрлағанын қайтып алып барып, қою кезінде күзетші ұрып соққан.

Қазір бұл іс бойынша жалғыз күзетші кінәлануда. Оған кісі өлтіргені үшін емес, денесіне жарақат салғаны үшін деген айып тағылыпты. Ал істегі адам санына да, бапқа да көңілі толмаған марқұмның жақындары арыз-шағымын арқалап Бас прокуратураға бармақшы.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.