{metadescription}
0:000:00
«Шахтердің» футболшылары жалақысын жыл соңына дейін алмайды

«Шахтердің» футболшылары жалақысын жыл соңына дейін алмайды

"Шахтер" клубының футболшыларына жылдың аяғына дейін жалақы қарызы өтелмейді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, онсыз да тықырланып қалған облыс бюджетінің қауқары бұған биыл жетпейді.

Бірақ Нұрмұхамбет Әбдібеков «Шахтер» ойыншыларымен келесі жылдың басында әйтеуір есептесетінін ескертті. Ол ай сайын 15-20 мың доллар жалақы алатын аяқдопшыларды арқадан қағып күте тұруға әрең көндіргенін де жеткізді. Айтуынша, клубтың дағдарысқа ұшыруының басты себебі  «Арселор Миттал» мен «Қазақмыс» корпарацияларының әлемдік дағдарыс салдарынан бұларға бөліп келген қаржыны тиып тастауы екен. Оның үстіне қазынаға жоспарлаған түсімге 7 миллиард теңге жетпей қалған. Сондықтан  бюджеттен берілген 1 миллиард 600 миллион теңге таусылып қалып отыр. Өйткені есеп бойынша «Шахтерге» 2 жарым миллиард теңге бөлінуі тиіс екен. Баспанасыздар мен кем-кетікті жарылқамағанымен, жеңіліп қайтса да Еуропаға барған клубтың көз жасына қалмаймыз деді өңір басшысы.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

-Ойыншылармен кездесіп, жағдайды түсіндірдік. Сондықтан біз келісімге келіп мәселені өзара шешеміз. Бұл айғайға аттан қосатын жағдай емес. Бірақ осы жылы олардың жалақы қарызынан құтыла алмайтынымызды нақты айта аламын. Өйткені бюджетте ақша жетіспейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде