Алматыда Олимпиада чемпионы жастарды жігерлендірді
Бала жаман әдеттен алыс болуы тиіс! Алматыда осындай үндеуге негізделген «Аман келешек» атты тұңғыш балалар фестивалі өтті. Сенбілік мереке үлкенді-кішілердің бірлесіп, таңғы жаттығуымен басталды.
Автор: Құралай Пионер
27.10.2014
Осыдан кейін ортаға байкерлер мен велошабандоздар шеруі шықты. Барлығы жас та болсын түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орын алған спортшылар. Сондай-ақ, кино, цирк, қуыршақ театры, ән-би ұжымдары да өнер көрсетті. Фестиваль аясында, түрлі шеберлік сыныптары да ұйымдастырылған. Айта кетсек, «Аман келешек» фестивалі Тұңғыш Президент қорының бастамасымен өткізіліп отыр. Мақсаты – балаларды оқумен қатар жақсы әдетке баулып, түрлі үйірмелерге қатысуға шақыру.
Ольга Шишигина, Мәжіліс депутаты:
-Әр баланың бойында бір өнер болады. Соны жастайынан жетілдіріп, үйірмелерге бару керек. Кім біледі, осы отырған жастардың арасында келешекте үздік споршылар, жұлдыздар, қоғам қайраткерлері бар шығар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!