Шымкентте 340 келі палау дайындалды
Шымкентте палау фестивалі өтті. Тіл үйірер тағамды дайындау үшін 28 әуесқой аспаз сынға түскен. Мұнда шығыс дәмін дайындауға қажет азық-түлікті шетелден алдырғандар да бар.
Автор: Бек Әбиев
27.10.2014
Ықтияр Момыншықов, әуесқой палаушы:
-Біздің палауда бүгін сары сәбіз,қызыл сәбіз. Өзбекстаннан келген лазер деген күріші, бөдененің еті, сиырдың еті, қойдың етібар. Дәмді болады деп ойлаймын.
Мұнда Шымкент палауы, Сайрам палауы мен Ташкент палауы секілді ел мен жер атауы қойылғандардан бөлек, достық, мейрам, шәйхана сияқты түрлері де әзірленді. Негізгі талап палаушы кәсіпқой емес, әуесқой болуы қажет. Сондықтан, жанына пияз турап, ет кесетін 2-3 көмекшісі бар палаушылар тағамның дәмділігіне ғана емес, жылдамырақ дайындау үшін де барын салды. Негізінен ала шапанды ағайындар дайындаған палауда көпшілік үйренген күріш, ет, сәбізден бөлек анар, айва сияқты жеміс-жидектер де кеңінен қолданылды. Жалпы бұл тойда 340 келі палау дайындалған. Бірақ, 28 түрлі палаудан той соңында бір қасық та қалған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!