Айбек Нұғымаров ақтық сында жіберген қателігін айтты
Павлодарда тұғыш рет «Әлем барысын» анықтау үшін қазақ күресінен турнир өтті. Ондабес құрлықтың 32 елінен келген түйе балуандар бақ сынады. Ал еліміздің намысын төрт жігіт қорғады.
Автор: Әйгерім Шақаманова
27.10.2014
Халықаралық турнирдың биыл Кереку өңірінде өтуі бекер емес. Өйткені, осы солтүстікте күрестің дамуы өзге аймақтарымен салыстырғанда бәсеңдеп қалған. Ал балуандар додасының финалында «Қазақстан Барысының» былтырғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен Бейжің Олимпиадасының жүлдегері кубалық Видал Брайсонмен кездескен болатын. Бұл жолы бостандық аралы өкілінің бағы жанып, алтын белбеумен бірге 100 мың долларды қанжығасына байлады. Нұғымаров 20 мың доллармен марапатталса, қола медаль мен 10 мың долларды ресейлік Максим Ширяев иеленді. Байрақты бәсеке жүлдегерлерін Голливудтан арнайы шақыртылған актер Кэри-Хироюки Тагава марапаттағанын айта кетейік.
Айбек Нұғымаров, «Әлем барысы» турнирінің жүлдегері:
-Кішкене ғана бір қателік жасап алдым. Оның өзінде өзімді тастаймын деп, қателестім. Бұл енді «Әлем барысы, отыздан аса мемлекет арасында болып жатқаннан кейін екінші орынға да қанағат тұттық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!