Қыс болмай жатып, бір айлық қар түсті
Қыс болмай жатып, еліміздің солтүстік және орталық аумағына айналдырған 2-3 күннің ішінде мөлшері бір айлық қар түсті. Тосын келген циклонның әсері Оңтүстік Қазақстанға дейін жеткен.
Автор: Саят Сабдалы
27.10.2014
Жыл сайын желтоқсанға дейінгі жылуға үйренген гүлдер қар астында қалды. Күзгі гүлдерді үсік шалып, қызылды-жасылды желекті ақ қар жапты. Бау-бақшадағы өнімдерді жиып үлгермеген шымкенттіктер де аяқ асты қара суықтан әбігерге түсті. Алматы және Жамбыл облыстарында да осындай қарбалас. Ал солтүстік және орталық өңірлерде жауған жаңбырдың арты қарға ұласып, аяғы көктайғаққа айналған. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жол апаттары жиіледі. Ауа температурасы, кей жерлерде -20 градусқа дейін төмендеп, жел қарқыны да күшейді. Бірақ синоптиктер суықтың беті ертеңдері қайтып, айдың аяғына қарай күн қайта жылынады деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!