{metadescription}
Қостанайда дәмханаға келген қонақтар тірідей өртеніп кете жаздады
Қостанай облысында оқыс оқиға! Белгісіз біреу ауылдағы дәмханалардың біріне баса-көктеп кіріп, жанармайға толы шөлмекті ішіне лақтырып жіберген. Әп-сәтте лаулаған от кафенің ішін санаулы минуттарда-ақ тып-типыл етті.Сол мезетте дәмхана ішінде болғандардың екеуіне иіс тиіп қалған. Түтінге тұншыққан біреуі ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды. Ал, адамдарды тірідей өртемек болған қаскөйдің кім екені белгісіз. Бетін бүркемелеп алғандықтан куәгерлер оның түрін көре алмапты. Қазір қаскөйді полиция іздестіріп жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
27.10.2014
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!