{metadescription}
0:000:00
Павлодарда жаппай кісі өлімі болды

Павлодарда жаппай кісі өлімі болды

Павлодарда жантүршігерлік оқиға! Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде 5 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі балалар, қалған үшеуінің жас шамасы 40-тың төңірегінде. Тірі қалған тағы бір адам күдікті ретінде қарастырылып отыр. Пышақпен жарақаттанған ол қазір ауруханада.

Қанды оқиға мына тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде  болған. Оны қаза тапқандар жалдап тұрып жатқан көрінеді. Көршілер де ешбір айқай-шуды естімепті. Ал полиция бұл қылмыс жайында пәтерді жалға берген иесінен білген. Есікті ешкім ашпаған соң әйел құтқарушыларға хабарласыпты. Құлыпты бұзып кірген олар 5 адамның өлі денесіне тап болған екен. Қазірде оқиға орнында криминалистер жұмыс істеуде. Болжам бойынша, бір адам тұншықытырып өлтірілген.Қалғандары бауыздалыпты.  Ал қанды оқиғадан тірі қалған ер адам ауруханаға жеткізілді. Басты күдікті ретінде табылып отырған азаматқа қазір полицияның қатау бақылауымен медициналық көмек көрсетілуде.

Қуат Артықбаев, Павлодар облысы прокурорының орынбасары:

-Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесіндегі 27-ші үйде қылмыс ретінде 5 адам өлтіріліп кетті. 2 бала, біріншісі  қыз 10-12 жастағы, екіншісі ұл  5-6 жастағы. Қалған үш үлкен адам 40-тан асқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.