{metadescription}
0:000:00
Шымкентте тұрғындар  құтырған иттерге таланып жатыр

Шымкентте тұрғындар құтырған иттерге таланып жатыр

Шымкентте құтырған иттер қаптады. Бір күннің өзінде ауру итке таланған 20 шақты адам ауруханаға түсіп жатыр. Ал ветеринарлар оларды атуға қаражат жоқ екендігін айтуда.

Мына азамат ауруханаға екі күн бұрын түскен. Жұмыстан келе жатқан кезде аузынан көбігі аққан көршінің төбеті ағаш қабырғаны құлата бас салған. Енді аяқ-қолы мен басы тыртықтан көрінбейді. Дәрігерлер күз бен көктем мезгілінде құтырған жануарлардан жапа шегіп түсетіндердің саны күрт артатынын айтады. Ал, ветеринарлар құтырған ит-құсты ату үшін 6 миллион теңге қажет деп отыр. Жыл басынан бері төбетке таланып ауруханаға түскендер саны 3 жарым мыңнан асып жығылған. Арасында тіпті жабайы шошқаға таланғандар да болыпты. Дәрігерлер болса дер кезінде емделмесе бұл аурудан өліп кету әбден мүмкін дейді.

Мұхан Өтекеев, хирург:

- Қазан айында 300 науқас қаралған. Оның 180-і   иесі бар иттерден  зардап шексе, қалғаны иесіз жануарлардан зардап шеккен. Және де науқастардың көбі  екпелерді аяғына дейін алмай емді орта жолда қалдырып кетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде