{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда пәтерсіз жүрген  келіншек құрсағындағы егіз сәбиін алдыртып тастамақ

Көкшетауда пәтерсіз жүрген келіншек құрсағындағы егіз сәбиін алдыртып тастамақ

Көкшетауда шиеттей 7 баласы бар жас отбасы баспанасыз жүр. Арасында үшемі де бар. 30 жастағы көпбалалы келіншектің тағы аяғы ауыр екен. Мейірмановтар елордада 12 жыл тұрып, бір баспанаға қол жеткізе алмағаны былай тұрсын, 9 жанға ешкім пәтерін жалға да бергісі келмепті. Барар жер басар тауы қалмаған олар іргедегі Көкшетауға қоныс аударған. Мұнда да жақсылық тапқандары шамалы. Не баспана жоқ, не балаларын мектепке орналастыра алмай отыр.

30 жасында Айгүл көпбалалы ана атанып отыр. Астанада 12 жыл бойы 7 баламен қаңғырып, әркімнің есігіне сығалап жүрген. Оның үстіне үшемнің біреуі тумысынан мүгедек. Оған дәрігерлік көмек қажет. Бас қалада сандалған отбасы жуырда Көкшетауға қоныс аударыпты. Шиеттей 7 баланың анасы тағы екіқабат екен. Дәрігерлер егіз болады депті.

Айгүл Тоқсанбаева, көпбалалы ана:

-Тағы да енді аяғым ауыр. Не істеймін оны әкеліп өмірге. Дәрі ішіп қойдым.Қазір өкініп отырмын. Құрысыншы, 7 бала сыйған жерге, ол да сыймас па еді деп. Ол да бала ғой. Енді абортқа барам, келісіп қойдым.

Бұл жас отбасының амалсыздан жасағалы отырған қадамы. Өйткені, қазір тұрып жатқан мына жалдамалы ескі үйдің өзі апатты жағдайда. 9 адам әрең сыйып отыр.Тамақ ішетін де, ұйықтайтын жерлері де осы. Оны да 20 мың теңгеге әрең тапқан. Әсіресе, 5-ші, 6-шы сыныпта оқитын Нұрсұлтан мен Нұрдәулет үшін қиын болып тұр. Тіркеуде жоқ болғасын мектепке  қабылдамапты. Оның үстіне, ілерге киімдері жоқ.

Бақберген Мейірманов, көпбалалы әке:

-7 баланы айтсам, бәрі қашады. Басқа амал  жоқ. Бауырларым да теріс айналды. Мектепке де алмай жатыр. Қай жақтан келдің,сол жаққа кетіңдер дейді. Мен Қазақстанның азаматымын, басқа жақтан ауып келгенім жоқ. Тіркеу  деген сылтау ғана. Мектепке алмаудың сылтауы.

Көпбалалы отбасы Астанада пәтер кезегіне 10 мыңыншы болып тұр. Бас қаладан баспана бұйырғанша, қымбатшылықтан қашып, Көкшетауда күнелте тұруды жөн санапты. Әкесінің қара жұмысқа жалданып тапқан нәпақасы, күнделікті нан мен сүтіне ғана жетеді.

Бақберген Мейірманов,көпбалалы әке:

-Құдайдың да ісі шығар. Баланы үйіп төгіп беріп жатқаны. Несібесі болады деп ойлаймын. Менің жастарға айтарым, туудың қажеті жоқ. Демография деген бос сөз! Оның бәрі өтірік!

Көпбалалы отбасының мүшкіл жағдайынан Көкшетау билігі хабардар. Бірақ баспанамен жарылқай қояр ынғай танытып отырған жоқ. Тек білім бөліміндегілер балаларды мектепке орналастырамыз деп уәде берді.

Азамат Жамбеталин, Көкшетау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Ата-анасына айттық. Медициналық тексеруден  өткізіп, балаларды мектепке алып келіңдер деп.Әлі келген жоқ. Біз білім бөлімі жағынан көмектесеміз,  киім жағынан.  

Мейірмановтардың бар сұрайтындары да осы. Балаларын мектепке орналастыру және қыстап шығар уақытша баспана. Өйткені қазір тұрып жатқан күркелерінің шатыры ортасына түскелі тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде