{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде ғаламтордағы жалаға шыдамаған оқушы қыз өзіне қол салды

Ақтөбеде ғаламтордағы жалаға шыдамаған оқушы қыз өзіне қол салды

Әлеуметтік желідегі әумесерлердің қылығы үшін ақтөбелік бойжеткен өзіне қол салған. Вконтакте желісінде «Курицы Ақтөбе»  деген парақшада оның жеңіл жүрісті қыз және жыныстық ауруларды таратушы деп жазылыпты. Жұрт жаппай қаралап жатқанға қыз төзе алмаған. Марқұмның ағасы енді қарындасын ажалға итермелегендерді жазалауды сұрап, шарқ ұрып жүр. Тәртіп сақшылары болса, ғаламтордағы әңгіменің шетін табу мүмкін емес деп қол қусырып отыр.

Вконтакте желісіндегілер түрлі топқа бөлініп, сорақы тақырыптарды қозғайды. Тіпті өрімдей жас қыздарды тауыққа теңеп, қырғидай тиетіндері бар. Суреттерін жариялап, өтірікті шындай қып айтады. Солардың кесірінен бір апта бұрын Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен өзіне қол салған. Марқұмның туыстары әлеуметтік желілерде осындай сорақы топтар ашқан әумесерлерге тоқтам жасай алмай отырған тәртіп сақшыларына өкпелі.

Шағымданушы:

- ІІД бардым. Бастықтарына кірдім.  Олар бұл туралы білмейді екен.  Назгүл есімді тергеушіге қатысты шара қолданатынын айтты.  Одан да  міне екі ай өтті, ешқандай хабар жоқ. Бұл  полицияның кәсіби дәрежесінің төмендігі деп ойлаймын. 

«Жеңілтек қыздарға жігіттеріміз ұрынып қалмасын» дегенді желеу етіп парақша ашқандардың көздегені жеңіл жолмен пайда табу.«Курицы Ақтөбе» деген топты құрған жігіт қарапайым қыз-келіншектердің суретін жариялау арқылы ақша бопсалайтын көрінеді.

-В контакте желісіндегі "Курица" атты парақшаны ашқан жігітке қатысты тәртіп сақшыларына бірнеше шағым түскен. Бірақ әзірге қандай шара қолданып жатқаны да белгісіз. Ал ішкі істер депратемнті өклідері болса осы мәселеге қатысты қандайда бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр.

Әлеуметтік желіден арнайы топтар ашып, өзгелерді қаралайтындарды психологтар сенімсіз адамдар қатарына жатқызады. Себебі мақсатына жете алмағандар осылайша жұрттың сыртынан тон пішіп, өзін батыл ретінде сезінеді екен.

Индира Мұқашева, психолог:

-Тұйық, өзіне сенімсіз адамдардың әлеуметтік желіде отыруы қауіпті. Себебі олар өмірде қолдарынан түк келмегенімен, әлеуметтік желіде өздерін батыр да, батыл сезінеді. Бет-бейнесін жасырып қиялындағы ойларын виртуалды әлемде жүзеге асырмақ болады.

Жазықсыз қыз-келіншектерді сыртынан жазғырған парақша «в контакте» желісінде әлі істеп тұр. Ең сорақысы енді қыздар да азаматтарды әтешке теңеп өздерінің жабық топтарын құрған. Сонымен қатар қалалықтардың да ауылдан келгендерді кемсітіп ашқан парақшасы бар. Бірақ біреудің арына тиіп, ертең істі боларын ешкім ойламайтын сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.