Ақтауда қызметтестерін өлтірген сарбаз ұзақ мерзімге сотталды
Ақтауда екі әріптесін өлтірген теңіз жаяу әскерінің сарбазына үкім кесілді. Енді ол 23 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізуі тиіс. Сонымен қатар, қайтыс болған жауынгерлердің отбасына 8 миллион теңгеден моральдық өтемақы төлеуі тиіс.
Автор: Елгүл Нұғман
28.10.2014
Атышулы қылмыс мамыр айында болған. Қайырбек Оразәлиев пен Александр Сафроновтың мәйіті жалдамалы пәтерден табылған-ды. Оларды алдымен бауыздап, содан кейін денелерін өртеген. Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Айтжан Данаев марқұмдармен бір бөлімде қызмет атқарған екен. Ол алғашында қос жігітті қарыз ақша үшін өлтіргенін айтқан. Бірақ қайтыс болған жауынгерлердің туыстары бұған сенбей, өлімге командирлердің қатысы барын алға тартты. Алайда сотта бұл болжам дәлелденген жоқ. Үкімді тыңдауға Ақтау горнизонының офицерлері мен сарбаздары да шақыртылыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!