Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіргендерге ірі көлемде айыппұл салынды
Құрманғазы мен Пушкинді сүйістірген постер иелері ақыры қатаң жазаланды! Бүгін Алматы сотты Ұлы күйшіні қорлаған жарнама агенттігіне 34 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл соманы масқара болған мекеме Құрманғазы атындағы консерваторияның шағым түсірген 34 өкіліне беруі тиіс. Сондай-ақ, ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрауы керек. Алайда мұндай шешіммен жарнама авторлары келіскен жоқ.
Автор: Құралай Пионер
28.10.2014
Бұл бүгін Алматы сотының ұлы күйшісі – Құрманғазы мен орыс ақыны Пушкинді сүйістіріп, елдің есін шығарған постер иелеріне қатысты шығарған шешімі. Судья Құрманғазы атындағы консерваторияның 34 өкілі түсірген шағымды қанағаттандырып, жарнама агенттігіне 34 миллион теңгенің айыппұлын салды. Және ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрауға да міндеттеліп отыр. Тек бұған сурет авторларының көнгісі жоқ.
Дария Хамитжанова, жарнама агенттігінің директоры:
-Шешім әділ емес. 34 миллион теңге төлесем, компаниямыз банкрот болады. Бар мүлкімізді де тәркілемекші. Шынын айтсам, сол 34 адамның түрін де көрген емеспін.Сонда Құрманғазыға тікелей қатысы жоқ адамдардың барлығы менімен соттаса бермек пе?!
Ал талабы орындалған консерватория өкілі соттың бұл шешімі өзгелерге сабақ болуы тиіс деген пікірде. Әсіресе, әдепсіз әрекетке барып, ұлы тұлғалар есімін қорлап жүргендерге.
Нұртас Ахметов, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның өкілі:
-Талап арыз бергендер консерваторияның мұғалімдері, студенттері, сосын оркестордың мүшелері. Толығымен біздің пайдамызға шешім шығарды.
Олар енді өндірілетін 34 миллион теңгені өнер ордасының қажеттілігіне жаратпақшы екен. Әнші Сәкен Майғазиев анайы постер шыққанда сәтте қарсылығын ашық білдірген жанның бірі. Сондықтан қазақ күйінің атасын масқараландардың жазалануын ол да асыға күткен еді.
Сәкен Майғазиев, әнші:
-Енді аяқтарын тартатын болды менің ойымша. Әсіресе, қазақтың классиктерін, ұлыларына жүгінер, қорлау алдында етек жеңдерін жинап алатын болды!
Қос ұлттың алыбы ерін түйістірген бұл сурет тамаз айында ғаламторға жарияланған. Авторлары Алматыдағы Пушкин мен Құрманғазы көшесінің қиылысында орын тепкен мына гей клуб пен оның тапсырысын орындаған жарнама агенттігі. Тіпті бұл масқараны дизайнері «креатив» деп халықаралық байқауға апарып, жүлделі 3-ші орынға жеткен екен.
-Тек сол креатившілдіктері оларды орға жығып отыр. Бір емес, қатарынан екі мәрте сотқа тартылды. Алғашқысы Құрманғазының тікелей ұрпағы Нұркен Халықбергеннің шағыммен қыркүйекте өткен. Ол кезде жарнама фирмасына небәрі 315 мың теңгенің айыбы салынған еді. Ал бұл жолы ондай жұмсақтық жасалмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары