Қазақстан Ресейден бидай сатып алуға мәжбүр
«Астыққа бай» Қазақстан Ресейден бидай экспорттауға мәжбүр. Мұндай қадамға баруға биылғы мардымсыз өнім себеп. Соған сай елімізде астық бағасы қымбаттауы ғажап емес.
Автор: Жәудір Оразхан
28.10.2014
Шенеуніктер енді диқандардың банктерден алған несиесін өтеу мерзімін көктемге дейін ұзартпақ. Ал, атқамінерлер биылғы өнімге болжам жасаудан да тартынып отыр. Өйткені, бұған дейінгі келтірген сандары ауа-райына байланысты мүлдем сәйкес келмей қалған. Солтүстіктегі егін алқаптарының жағдайы болса күн санап нашарлап барады. Астықтың жартысына жуығы орылмай әлі қар астында жатыр. Осының кесірінен, әлемдегі астық экспорттаушы алпауыттырдың бірі саналатын еліміз Ресейден жоғары сотты бидай импорттай бастапты. Қазірдің өзінде көрші елден 150 мың тонна бидай жеткізілген.
Сақташ Хасенов, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
-Экспортқа келсек, болжамай қоя тұрайық. Өйткені, қазір алқаптардан сапасы өте төмен бидай жиналып жатыр. Бүгінде Қостанай мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында күні-түні жұмыс жүруде. Алдымен астық толық орып бітейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!