{metadescription}
0:000:00
Қарағанды облысында бүтін ауыл жылусыз отыр

Қарағанды облысында бүтін ауыл жылусыз отыр

Қарағанды облысындағы Молодежный кенті қыс көзі қырауда жылусыз отыр. Өйткені дәл жылу беру маусымы басталғанда жергілікті билік жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарын бастап жіберген. Ауа райының күрт суытуынан пәтерлерінде бүрсеңдеген тұрғындар шенеуніктер күннің жылысында ай қараған ба деп шулайды. Жергілікті билік болса, республикалық бюджет құлағында отырғандар құбыр жаңартуға қаражатты кеш бөлді деп ақталады. Сондықтан онсыз да ашынған жұртты сабырға шақырып, тіпті, суыққа шыдай тұруын да сұрап отыр. 

-Шыдаңдар дейді. Қашанғы төземіз?

Молодежный кенті тұрғындары кеңес заманынан бері орталық жылу жүйесіне былтыр ғана қосылғанда бөркін аспанға атқан. Көбі үкімет жарылқады деп жүріп сан қыстан аман алып шыққан пештерін сүріп тастаған екен. Енді сол 22 көпқабатты үй жылусыз қалғанда электр құрылғыларымен жан сақтаған жұрт теңгеміз тоққа шығындалып жатыр деп налиды.

Зоя Бауман Молодежный кентінің тұрғыны:

-Күні- түні электр пешімен отырмыз. Оның өзі қайбір жылу береді дейсіз? Пешті алып тастағанбыз былтыр орталыққа қосқанда. Соны бекер істеген екенбіз

-Молодежный кентінің тұрғындары мына құбырларды жер аяғы кең жазда ауыстырмаған билікті кінәлейді. Себебі орталық жылу жүйесіне қосылған тұрғындар қазір үйлерінде бүрсеңдеп отыр. Ал шенеуніктер болса, қазан айында күннің күрт суытып кетуін болжамаған едік деп отыр.

Оразбай Бөкеев Осакаровка ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

-Қазанда  қар түседі  деп біз ойлаған жоқпыз ғой. Жылдың басында орта кезінде берсе ғой біз уақытында тапсырар едік. Енді қазір ауа райы, ақшаға тіреліп отыр. Енді кінәлі мен болам .

Кенттегі 7 шақырым құбырды жаңартуға республикалық бюджеттен 90 миллион теңге бөлу қарастырылған екен. Оның 30 миллион теңгесі былтыр 2 шақырым құбыр салуға жұмсалыпты. Биыл ұлардай шулаған жұрттың баспанасы да сол кезде ауылдағы екі жылу орталығының біріне қосылған. Ал биыл жылдың басында күткен ақша тамыз айында ғана аударылыпты. Тендер өткізіп, мердігерді анықтағанша  қыркүйектен қазанға қарады деп ақталады атқамінерлер. 30 миллион теңгенің жұмысын мойнына алған мердігер төбе көрсетпесе де, шенеуніктер жақын күндері жылуды береміз деп ант су ішіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде