{metadescription}
0:000:00
Павлодарда өз отбасын қырып салған азаматтың қылмыс жасауына жоқшылық себеп болған

Павлодарда өз отбасын қырып салған азаматтың қылмыс жасауына жоқшылық себеп болған

Павлодарда бес бірдей адамды өлтірді деген күдікті өз кінәсін мойындады. Бүгін ауруханада есін жиған Ермұрат Иманқұлов тергеушілерге жұбайы мен 4 жасар баласын, ағасын, әпкесі мен 9 жасар жиенін өз қолымен бауыздағанын жайып салды. Айтуынша, қанды қылмысқа тұрмыс тауқыметі итермелеген. Жақындарымның ішерге ас таппай қиналғанын көргім келмеді дейді ол.

-Қайғылы оқиға орын алған пәтердің есігі бүгін тарс жабулы. Ал марқұмдардың көршілері болса отбасының бұл үйде тату-тәтті өмір сүргенін айтады. Сондай-ақ, олардың айтуынша, бала-шағалы жандар пәтерді бір жылдан бері жалдап тұрған.

Кәмелетке толмаған екі жеткіншек пен үш ересек адамның денесі мына есіктің арғы жағынан табылды. Олардың барлығы 34 жастағы Ермұрат Иманқұловтың қолынан ажал құшқан. Отбасындағылардың бәрін қырып, өзіне бірнеше рет пышақ сұққан ол операциядан кейін бүгін есін жиды.

Марат Қабылбаев, Павлодар қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

-Өкпесінде жарақат болды. Операциядан кейін жағдайы орташа. Қазір палатаға ауыстырамыз.

Полицейлердің айтуынша, 2013 жылға дейін Ұлттық гвардияда қызмет еткен Ермұрат Иманқұлов былтырғы аттестацияда сүрінген. Бұдан бұрын істі болғаны да анықталып, жұмыстан қуылған екен. Бүгінге дейін екі қолға бір күрек таппаған отағасы ащы суға әуестеніпті. Ал қанды қылмысқа бару себебін қаскөй отбасындағы материалдық жағдаймен байланыстырып отыр. Сөйтіп жоқ-жітіктен құтқарамын деп, 4 жасар ұлын тұншықтырып, ал 35 жастағы әйелі мен 36 жастағы туған ағасын және әпкесі мен 9 жасар жиенін бауыздап тастаған.

Марат Қожаев, Павлодар облыстық Ішкі Істер департаментінің бастығы:

-Көз жұмған Иманқұлов Ерқанат туған үлкен ағасы. Иманқұлова Қарлығаш әпкесі. Иманқұлова Гүлзат әйелі. Кішкентай бала өзінің ұлы. Сәния деген қыз қарындасының қызы.Жұмыссыз қалып, қиын жағдайға  түскен соң жанұясының, туыстарының қиын мәселелерін осындай жолмен шешемін деп істедім дейді.

Полиция есікті бұзып ашпақ болғанда Ермұрат Иманқұлов пышақпен өзін жанталаса ұрғылай бастаған. Қансырап жатқан оны арнайы күзетпен ауруханаға жеткізді. Жақындарын жер жастандырған қаскөй енді бостандықты жақын арада көрмесі анық. Айта кетсек, отбасы мүшелері түгел бауыздалған Павлодардағы бұл екінші оқиға. Биыл көктемде отағасы әйелі мен екі баласын пышақтап, кейін өзі асылып өлген. Ол қылмыстың да бүге-шігесі әлі ашылған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.