{metadescription}
0:000:00
Атақты Брэд Питт ойнаған әскери фильм жарыққа шықты

Атақты Брэд Питт ойнаған әскери фильм жарыққа шықты

Екінші дүниежізік соғыстағы америкалық сарбаздардың ерлігі! «Sony Pictures» компаниясы осы тақырыпта әскери фильм түсірді. Онда 45-ші жылдың сәуір айы, яғни жеңіске небәрі санаулы күндер қалған мезет суреттелген. Әрбір қазақ отбасына жара салған қан майдан мен фашизм жайындағы «Ярость» деп аталатын жаңа әскери драма ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Қанды соғыс тақырыбы қайта оралды. Брэд Питт бастаған танкішілер соғыс даласында. Айналаның бәрі толған мәйіт, кісі қаны. Фашистер әуеден де, жерден де атқылап жатыр.

-Мен танк ішінде болып көрмеппін. Көрмесең көресің.

Әлі 16-ға толмаған бала да соғыста. Қару ұстап жауға қарсы тұрған. Әскери экшн фашистердің құрсауында қалған бес жауынгердің батырлығы жайлы баяндайды. Ешбір боямасыз. Бәрі соғыстағыдай. Шынайы, әрі қорқынышты.

-Сұмдық. Қорқынышты

Киногерлер түсірілімде кәдімгі әскери қару-жарақты қолданған. Ал актерлер танк айдауды жарты жыл бойы үйреніпті. Командир рөліндегі Брэд Питт те фильмге түспес бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мағлұматтарды жан-жақты танысқан.

Америка жауынгерлерінің Берлин түбінде бастан өткерген жантүршігерлік оқиғаларын білгіңіз келсе, ендеше кинотеатрларға асығыңыз. Брэд Питтің қасында тірі қалған небәрі 5 сарбаздың жаудың қалың қолымен ақтық айқасын өз көзіңізбен көріңіз. Соғыстың сұсты көріністеріне толы фильмді елімізге «Сони» және «Дисней» студияларының ресми өкілі «Меломан» компаниясы әкелгенін айта кетейік.

- Олар келе жатыр

- Қанша?

- 300

-Бесеуіміз оларға қалай төтеп береміз? Ақылыңнан алжастың ба?

- Бұл өмірдің соңы емес.

- Ат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде