{metadescription}
0:000:00
Алматыда Ұлттық гвардия сарбаздары мектеп оқушысын сабап тастады

Алматыда Ұлттық гвардия сарбаздары мектеп оқушысын сабап тастады

Ұлт мақтанышы – Ұлттық гвардия жауынгерлері жабылып мектеп оқушысын ұрған. 11-ші сыныпта оқитын алматылық бозбаланы кешқұрым дүкеннен нан алуға үйінен шығып, қайтар жолда 4 бірдей сарбаздың соққысына жығыпты. Жұдырық жұмсағандардың арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жауынгерлері де бар. Ұлын көшеде талып жатқан жерінен тауып алған ата-ана енді мүйізі қарағайдай мекемелерден әділдік таппақ түгілі, маңайына да жолай алмай жүр.          

Мектептегі құрдастарыменталай бетпе-бет келген Арман мұндай ұр-тоқпақты бұрын-соңды көрмеген. Денесі көгала қойдай көгермесе де, ауыр соққылардан ол ауруханада 10 күн бойы бас көтере алмай жатып қалыпты.

-Түрлі көшелерді атады. Жергілікті тұрғын емеспіз деді. Көмектескім келді.

Арман жігіттерге жай көмектескісі ғана келген. Алайда, төрт сарбаз оқушыны бас салып таяқтың астына алыпты. Сөйтіп, нанға деп алып шыққан аз-маз ақшасын мен ұялы телефонын тартып алып жоқ болған.     

Арман Ұзақов, зардап шегуші:

-Біреуі қатардағы жауынгер, ал екіншісі – ұлттық гвардияның жауынгері. Осы екеуі ұрып-соқты. Қалған екеуі қасында қарап тұрды. Есімді жисам, есік алдында талып жатырмын.

Жасы әлі 17-ге де толмаған Арман дереу ұялы телефонын ғаламтор арқылы іздей бастаған. Құрылғының сигналы анау-мынау емес, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери ауруханадан шыққан.

Алмаз Ұзақов, Арманның әкесі:

-Полицияны ертіп Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери ауруханасына келдік. Бірақ, бізді түнделетіп ешкім кіргізбеді. Телефонды тек таңертең тауып берді. Ұлымды ұрған осындағы жауынгерлер. Төртеуінің де жауапқа тартылғанын талап етемін.

Белгілісі балаға жұдырық жұмсағандардың бірі - Ұлттық гвардия жауынгері Анатолий Данилов. Қалған үшеуі – шекарада борышын өтеп жүрген сарбаздар.Оларға қатысты қарақшылық бабымен іс қозғалған. Дегенмен жауынгерлердің бірі де оқушыны ұрғаны үшін әлі жауапқа тартылмады. Өйткені іс әлі сансыз құзырлы орындардың ортасында жүр.

Зухра Жұмабекқызы, Әскери тергеу басқармасының баспасөз хатшысы:

- Медеу аудандық  прокуратурасына жіберсе,   олар арызды қалалық  прокуратураға жібереді. Қалалық прокуратура Бас әскери прокуратураға жібереді. Астанадағы әскери прокуратура оны, Алматыдағы әскери горнизонға жөнелтеді. Ол жақтан бізге келеді. Көрдіңіз бе, неше  кезеңнен өтетінін?

-Мектеп оқушысын ұрып-соққан жауынгерлер әлі де Алматыдағы әскери ауруханада терапия бөлімінде емделіп жатыр екен. 17-жастағы Арманның әкесі оларды ұлт мақтанышы – Ұлттық гвардияның сапынан кетіртпей жайына қоймаймын деп отыр. Тек әкенің жан-айқайын тыңдайтын әскерилер жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде