{metadescription}
0:000:00
 Инсульт жас кәріні жаппай құлатып жатыр

Инсульт жас кәріні жаппай құлатып жатыр

Елімізде инсульт алғандарлың қатары күрт көбейген. Дәрігерлер бұрын бұл дертке көбіне 60-ты алқымдағандар шалдықса, соңғы жылдары олардың қатарына жастардың да қосылғанын айтып дабыл қағуда. Яғни, 16 мен 20 жас аралығындағы қыз-жігіттерді жүрек талмасы жаппай құлатып жатыр. Бүгін дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні ақ халаттылар сырқаттан қорғанудың жолын айтып, тұрғындарды денсаулығын күтуге шақырды.

Ақтөбелік Амангелді Мұсағалиевтің денсаулығы күрт нашарлағанына бірнеше айдың жүзі болған. Аяқасты жабысқан дерттің қалай пайда болғанын өзі де білмейді. Есінен танып құлаған азаматты дәрігерлер өлімнен арашалап қалыпты.

Амангелді Мұсағалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Қан қысымым 250-ге кетіп қалады. Қазір  160-170 шамасында.  Тілім бұралып қалды. Әлі кетпейді жыл жарым болды.

Амангелді секілді Ақтөбедегі осы жалғыз инсульт орталығына   түсетіндер жетіп артылады. Тіпті, олар ауруханаға сыймай жатыр. Өйткені, облыста инсультке шалдығып, миына қан құйылғандар  күрт көбейген. Дені -  ер азаматтар. Оның үстіне, бұрын бұл дертпен тек егде жастағылар ауыратын болса, қазір инсульт 16 жастағы баланы да құлатып жатыр.

Алтай Шарафудинов, инсульт орталығының бөлім меңгерушісі:

-Инсульт аурулары жылдан-жылға көбеюде. Біздің бөлімшемізде айына 70-80 адамнан 100 адамға дейін түседі.

Бұл да Астанадағы бірден-бір инсульт орталығы. Мұндағы науқастар аяқ астынан тілден айырылып, қол-аяғы жансызданған. Міне, салмағы жоқ жаңғақтың өзін әрең көтеріп отыр.

-Қазір міне қолымызды үйретіп жатырмыз. Қол тыңдамайды. Қисық.

Бұл дерт диетаның сақталмауы, артық тамақтанудан, тіпті жүйкенің шаршағандығынан пайда болады. Ішімдік ішу мен аз қозғалатын адамдардың да инсульт алу қаупі жоғары. Әлем ғалымдары күніне жеті минут жүгіру аурудың алдын алады деп болжам жасап отыр. Ал, отандық дәрігерлер тым құрыса күніне бір сағат жаяу жүрген адам инсультқа шалдықпайтынын айтады.

Айгүл Қайсарбекова, Инсульт орталығының меңгерушісі:

-Ауру неге көбейіп кетті деп ойлайсыз? Өйткені, адамдар өз денсаулығына өте салғырт қарайды. Күніне бір мәрте қан қысымын өлшеп тұру керек, оны жасамайды. Емханаларына бармайды! Кейбірін тіпті сүйреп апара алмайсың.

Елімізде жылына инсульттан 12 мың адам көз жұмады екен. Тіпті, дерт  дені сау адамның өзін сұлатын түсіреді. Оны алдын ала сезу де қиын. Сондықтан қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы керек.Ал елімізде 40 инсульт орталығы бар. Бұл аздық еткендіктен келер жылы тағы 9 орталық ашу жоспарланып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде