Келімбетов: Бір жылда екі рет девальвацияның болуы мүмкін емес
Қайрат Келімбетов теңгенің құнсызданбайтынына тағы уәде беріп , сөзіне дәлел келтірді. Ұлттық банк төрағасы, дүниежүзінде ешбір мемлекет жылына екі рет девальвация жүргізбейді деп отыр.
Автор: Ербол Сейілхан
29.10.2014
Тарихқа жүгінген Келімбетов, Қазақстанда девальвация 5 жылда бір-ақ рет болады деген уәжін айтты. Сондықтан халықты сабыр сақтап, абыржымауға шақырды. Оның үстіне еліміздің бас банкирін әлемдік мұнай бағасының түсуі мен Ресей рубльінің құлдырауы да алаңдатып отырған жоқ. «Қара алтын» құны 60 долларға түссе де, девальвация болмайды. Тек мұнай құнының құлдырауынан бюджет қана қайта есептеледі деп сендірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!