{metadescription}
0:000:00
Атырауда сұлулық байқауын өткізген ұйымдастырушыға қатысты іс қозғалды

Атырауда сұлулық байқауын өткізген ұйымдастырушыға қатысты іс қозғалды

Атырау полициясы облыста былтыр сұлулық сайысын ұйымдастырғандарға қылмыстық іс қозғады. Мұнайлы өлкенің ең сұлу қызы деп танылған Назерке Файзуллинадан олар «Қазақстан аруы» байқауында үздік үштікке іліндіремін деп 3 млн теңге сұрапты. Бірақ бұған келіспеген Файзуллиндер отбасы сол байқаудың басы қасында жүрген «ДиАл» сән агенттігі басшыларының үстінен «ақша бопсалады» деп арыз түсірген. Тәртіп сақшылары агенттік директоры Алмас Качиевті араға бір жыл салып барып ұстады.

Сән агенттігі басшылары мен сұлу қызды бет жыртыстырып қойған 3 млн теңге.«ДиАл» деп аталатын агенттік басшылары - ерлі-зайыпты Качиевтер кезінде осынша қаржыны «Атырау аруынан» қарызға алған екен. Бірақ сайыс кезінде ақшаны басқаша жолмен өтеуді ұсынды дейді арыз берген тарап.

Альбина Файзуллина, Назеркенің әпкесі:

-«Қазақстан аруы» байқауына барған соң басқаша сөйлей бастады. Сол ақшаны сіңліңіздің орын алуына жұмсайын ба дегендей әңгіме айтып бізді айналдыра бастады.

Ақыры ақша да жоқ, Қазақстан аруының тәжі де жоқ. Тіпті жүлделі орыннан да көріне алмай, көңілі қалған Назерке Файзуллина бірден полицияға арыз жазған. Бірақ сән агентігінің басшылары мұны жала дейді.

Алмас Качиев, «ДиАЛ» сән агенттігінің директоры:

-Қарыз деген бос сөз. Назеркенің ата-анасы әу баста-ақ бізге қыздарын «Қазақстан аруы» ретінде көргісі келетіндіктерін айтты. Тіпті олай болмаған жағдайда бастарыңнан бәле кетпейді деп қоқан лоққы жасады. Назерке тәж киген жоқ. Енді нәтижесін өздеріңіз көріп тұрсыздар.

Сәнгерлер мен сұлу қыз арасындағы осы шу былтыр басталып, көпке бармай басылғандай еді.Бірақ жылға жуық жабулы жатқан іс жақында қайта көтеріліп, енді онымен атыраулық тәртіп сақшылары айналысуда. Тіпті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген баппен іс қозғалған.

Гүлнәзира Мұхтарова,Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Атырау қалалық ІІб тергеушісімен берілген жеке тапсырма негізінде криминалдық полиция қызметкерлерімен бұл азамат ішкі істер бөліміне жеткізілді, қазіргі күні тексеру жүргізілуде.

-Ерлі-зайыпты Качиевтер қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Енді олар жала жапты деп Файзуллиндердің өздерін сотқа бермекші. Сән әлеміндегі шудың ара-жігін енді сол сот ажыратып беруі тиіс. Ал, Атыраудың хас сұлуы деп танылса да Қазақстан аруы атана алмай сәнқойлардан әбден көңілі қалған Назеркенің өзі осындағы жоғары оқу орындарының бірінде журналист мамандығын меңгеруде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде