Ресей азаматтарының елімізде бір ай тіркеусіз жүруі сенаторды шошытты
Одақтастарға шекара ашық! Бүгін жоғарғы палата Қазақстан мен Ресей азаматтарына екі ел аумағында 30 тәулік еш тіркеусіз емін-еркін жүре алатын құжатты бекітіп берді. Бір қызығы заңды қолдап дауыс берген сенаторларды көршілерімізге көрсетілген шектен тыс құрмет шошытып отыр.
Автор: Гүлнұр Имандосова
30.10.2014
Икрам Адырбеков, Сенат депутаты:
-Мына Шығыс Қазақстанда келіп-кетушілердің саны көбейген. Интернетте сеператистік мазмұнда арандатушылық материалдар жариялана бастады. Міне, осындай кезеңде кез-келген шетел азаматының 30 күн еш жерде тіркеусіз жүруі біздің ұлттық қауіпсіздікке, ішкі тұрақтылыққа нұқсан келтірмей ме?
Сенатордың алаңдамасына негізде жоқ емес. Биылдыққа елімізге 3 жарым миллион Ресей азаматы келген екен. Депутат өзін турист ретінде таныстырып кейін жұртқа сепартистік идеяны тықпалайтындарға жол бермеуге шақырды. Бірақ бәрі бақылауда деген Ішкі Істер министрі халық қалаулыларын абыржымауға кеңес берді. Сонымен қатар, жақын уақытта Қазақстанда Беларусь азаматтары да 30 күн тіркеусіз жүре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!