{metadescription}
0:000:00
Генерал Жоламанов жыл соңына дейін қамауға алынды

Генерал Жоламанов жыл соңына дейін қамауға алынды

Айыбы күн санап ауырлап барады. Қызметін пайдаланып, ірі көлемде пара алғаны үшін қамалған Шекара қызметінің басшысы енді қылмыстық топ құрған деп айыпталып жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, генерал Нұрлан Жоламанов шекараға бөлінген мемлекеттің миллиардтарына сыбайластарымен топтасып ауыз салған. Сондықтан бұл былыққа қатысы бар басқа да лауазымды шенділер жаппай тұтқындалуы мүмкін. Ал бүгін Ақмола гарнизонының әскери соты Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламановты 2  айға қамауға алуға санкция берді. Сондықтан генерал қолына кісен салған Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті  тергеуді аяқтағанша, яғни желтоқсанның 27-не дейін изоляторда отырады. Ал «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «ірі көлемде пара алды» деген 2 бап бойынша айыпталған Жоламанов енді ұзақ уақыт бостандық көрмейтін сыңайлы. Себебі осы бір ғана бап бойынша, кемі 10 жыл жаза қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде