Алматыда көп балалы отбасы жертөледе тұрып жатыр
Алматыда көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесін паналаған төрт балалы отбасы анықталды. Отағасы жарты жыл бұрын жанұясын ертіп қалаға жұмыс іздеп келген екен. Бірақ пәтер жалдауға шамасы келмеген соң жертөледе тұрудан басқа амалы қалмапты.
Автор: Досжан Маратұлы
31.10.2014
Олардың төрт баламен бірге осы сыз тартқан жерде тұрып жатқанына 5 ай болған. Жанұяда екі кішкентай бүлдіршін мен мектеп жасындағы екі қыз бала бар. Алайда оларды мектепке жіберуге ата-анасының қалтасы көтермейді. Аула сыпырушы болып жұмыс істейтін отағасының жайын түсініп, пәтер иелері кооперативінің төрағасы осы жерде тұруға рұқсат берген. Үй тұрғындары да аяушылық білдіріп еш қарсылық танытпапты. Дегенмен полиция жертөледегі 6 жанды алып кетіп, уақытша бейімдеу орталығына жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!