{metadescription}
0:000:00
Жарнама берушілер Үкіметтен  араша сұрады

Жарнама берушілер Үкіметтен араша сұрады

Жарнама берушілер жергілікті әкімдіктерге өкпелі. Себебі жергілікті билік оларға жұмыс істетпей адымын аштырмай отырған көрінеді. Осындай заңсыздыққа күйінген «Қазақстанның жарнама компаниялар қауымдастығы» бірігіп, шектен шыққан шенеуніктерге тойтарыс бермек. Әкімдердің басынғаны соншалық, кәсіпкерлердің өнімі жарнамаланған тақташайларды қиратып тастау түк болмай барады. Атқамінерлерден теперіш көрдік деген бизнесмендер енді қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді сұрап, Үкіметтен араша сұрауға мәжбүр.

Бүгінде елімізде жарнама билбордттары ілінбеген қала жоқ шығар.  Оның көптігінде тұрған ештеңе жоқ. Оның үстіне, бұл қазынаға миллиондап кіріс түсіріп отыр. Алайда, бюджет бүйірін толтырып отырғандарға кедергі көп. Әсіресе, бас ал десе шаш алатын шенеуніктер тарапынан.

Болат Қожақов, Қазақстан жарнама компаниялары қауымдастығының директоры:

Маған бір аймақтан кәсіпкер хабарласты. Танымал маркалы  шоколадқа жарнама жасағысы келген, мәтінінің мазмұны мынадай: «Аштықты тәтті дәммен ауыздықта» деп аудартыпты. Сөйтсе, қала басшылары мұндағы «аштық» деген сөзді оқып,шошыған. «Қазақстан дамыған мемлекет, біздің елімізде ешқандай да аштық жоқ» депті.

Жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында өріп жүрген қате да, өз алдына үлкен мәселе. Алайда, кәсіпкерлер бұл да әкімдіктік шалағайлығы деп отыр. Өйткені, заңда облыстық тілдерді дамыту басқармалары мәтінді бекітумен айналысатындығы жазылмаған екен. Сондықтан, қауымдастық осы олқылықтың да басын ашып алу керек дейді.

Болат Қожақов, Қазақстандық жарнама компаниялары қауымдастығының  директоры :

-«Жарнама туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда,тіпті Салық кодексінде қарама-қайшылық көп. Мысалы,ғимарат маңдайшасындағы жазу жарнама болып саналмайды деп көрсетілген. Алайда, тиісті органдар ай сайын салық салады.

Қауымдастық елді шулатқан Оралдағы билборд дауын ұмыта қоймаған. Оралдың бұрынғы әкімі Болат Шәкімов көшедегі барлық жарнама бағандарды бір түнде қопарып тастаған болатын. Кейін жарнама агенттіктері  соттасып жүріп шенеуніктен 9 млн теңге өтемақы өндіріп алды. Десек те, бильбордттарды орнату әлі қиямет-қайым.

Дәурен Сатқанбаев, Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы:

-Жер алу қиын. Жарнамаға жер 1 жылға ғана беріледі. Ал оны кәсіпкер ала алмай жарты жыл жүреді. Сондықтан, Астанадағы жарнамаға арналған жерлерді бөлуді арнайы бір органға берсе, болмаса бөлек бір басқарма құрса дұрыс болар еді.

-Бүгінде елімізде мыңдаған жарнама агенттігі бар. Осылардың басын біріктірген қауымдастық талап-тілектерін тізбектеп Үкіметке арнайы хат жолдамақ. Онда салық мәселесі, тіпті, жарнамаға бөлінетін жерді  кәсіпкерлерге аукцион арқылы үлестіру жайы да айтылған.Қысқасы, 10 жылдан бері түзету енгізілмеген «Жарнама туралы» заңға ауқымды өзгеріс енгізуді сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде