{metadescription}
0:000:00
Өскеменде жарықсыз отырған жұрт облыс әкіміне үндеу жариялады

Өскеменде жарықсыз отырған жұрт облыс әкіміне үндеу жариялады

Өскеменің іргесіндегі ауыл тұрғындары облыс әкімінен көмек сұрады. Төрт жылдан бері жарықсыз отырған бұқараның өзге шенеуніктерден көңілі қалған. Ендігі үміттері тек аймақ басшысында екен. Бірақ Үкіметке алақан жайса да, жарық жырының бүгін-ертең бітер түрі жоқ. Өйткені ақжағалылардың айтуынша, қала қазынасында қаржы тапшы. Сондықтан шу шығарғандарға тек шыдай тұруы тиіс.

Тоқсан түтіні бар шағын ауылдың тұрғындары өркениеттен тыс қалып отыр. Төрт жылдан бері мұнда жарық жоқ. Сондықтан елді-мекенде мұнда қиыншылық кеш бата басталады.

-Күнде осы. Мінебақшадан келе жатамыз, жолдың бәрі балшық. Жол жасалмаған. Аялдамадан ұзақ.

Ауылда электр бағандары мен трансформатор атымен жоқ. Қашан қойылары да беймәлім. Қуат көзінің болмауы баланың білім алуына кедергі келтіруде. Олар білте шамға телміріп сауат ашуға мәжбүр. Ал тұрмыстық техниканың барынан жоғы.

-Тоңазытқышты шкаф ретінде қолданып отырмыз.

Төзімі таусылған бұқара не істерін білмей басы қатуда. Биліктен де қайыр жоқ деп ашынады. Наразы топ, жай сөзге иланбаған ақжағалылардың енді жағасынан алуға бар.

Рахима Романова, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Ақмердің халқы екінші рет жиналып отырмыз.Сұрайтынымыз Бердібек Машбекұлы, өтініш бізге кішкене көңіл бөліңізші. Жолымызға, жарыққа  біраз ақша керек. Енді жарықсыз тұру мүмкін емес.

Шенділердің ашуға мінген ағайынды жұбатар жауабы болмады. Ауыздарын қу шөппен сүрткен олар, қазынада қаржы жоқ деп қарап отыр.

Владимир Головатюк, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

-Қаланың қазынасында қаржы жоқ. Бәрі ақшаның бөлінуіне байланысты шешіледі. Мүмкін ақша келер жылы бөлініп қалар.

Осылайша, шу шығарғандардың әкімдіктің алдына келуінен де түк шықпады. Жаны ашыған сыңай танытқан атқамінерлер, бұқараға тек күте тұруға кеңес берді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде