Семейде жолды сапасыз жөндеген әкімдік автопаркке өтемақы төлейді
Семейде жергілікті автопарк коммуналдық қызметтен қомақты қаржы өндіріп алды. Жолдың нашарлығынан жиі бұзылатын көліктерді жөндеуден шаршаған автопарк сотқа шағымданған болатын. Енді көшелерді қалыпқа келтіруді қалт жіберген шенділер сот шешіміне сай 1 млн 600 мың теңге төлеулері тиіс.
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
31.10.2014
Бұл көктем кезінде түсірілген кадрлар. Үлкен автобус жолаушылармен келе жатып, шалшық астындағы шұңқырға түсіп кеткен. Салдарынан қоғамдық көлік сынып, біраз уақыт жөндеуде тұрды. Ізін суытпай автопарк өкілдері Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін сотқа беріп, жеңіп шықты. Шешімге сәйкес, олар 1 млн 600 мың теңге төлеуі керек. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын мекеме сот шешіміне дән риза. Жөндеуге кеткен шығын толығымен өтелді. Жауаптыларға да жақсы сабақ болды деп отыр.
Николай Чнегов, Автопарк заңгері:
-Біз барынша көп ақша өндіріп алуды мақсат етпедік. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы сияқты қазынадан қаржыланатын бөлімдер мен қызметкерлер өз жұмысына жауапты қараса екен дейміз. Егер әркім қызметін абыроймен атқаратын болса, мұндай жайт болмас еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!