{metadescription}
0:000:00
«Семей инжиниринг» компаниясы әріптесінің пара алғанына сенбейді

«Семей инжиниринг» компаниясы әріптесінің пара алғанына сенбейді

«Семей инжиниринг» мекемесі бастығының   қолына кісен салынғанынан 8 ай өткенде ғана оның жоғары басшылығы түсінік берді. «Қазақстан инжиниринг» басшылығы қоластындағы қызметкерлерінің кінәлі екеніне әлі күмәнмен қарайды екен.

Николай Поспелов, «Қазақстан инжиниринг» АҚ басқарушы директоры:

-Мен оның кінәлі екеніне сенбеймін. Мұндағы кез келген қызметкер де менің ойымды құптайды. Кәсіпорынға ол бір тиын шығын келтірген жоқ. Енді сот әділ болады деп сенеміз.

Қорғаныс техникасын жабдықтау мен жөндеу қызметін атқаратын Семейдегі кәсіпорынның бастығы Бақытжан Сейітов ақпан айында қаржы полициясының құрығына түскен. Оған 600 мың теңге пара алды деген айып тағылды. Бұл соманы басшы әлдебір мердігердің мүддесін қорғау үшін қалтасына басты делінген. Алайда, оның айыпты екеніне әріптестері мен жоғары басшылығы сенбей отыр. Бақытжан Сейітов мемлекеттің миллиардтаған қаржысы жұмсалатын, қорғаныс саласына қажетті  тапсырыстарды орындайтын кәсіпорынды 3 жыл басқарды. Қазір оның ісі сотта қаралуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде