{metadescription}
0:000:00
Теміртаудың атын шығарған футбол мен хоккей клубтары жабылуы мүмкін

Теміртаудың атын шығарған футбол мен хоккей клубтары жабылуы мүмкін

Теміртау қаласындағы футбол және хоккей клубтары жабылудың алдында тұр. Ел біріншіліктерінде қала намысын талай қорғаған «Болаттың» футболшылары мен «Арыстанның» хоккейшілері екі айдан бері жалақы көрмеген. Ал басшылары ойыншыларға төлейтін соқыр тиынның жоғын ашық айтып отыр. Өйткені дағдарыстың салдарынан «Арселор Миттал» компаниясы командаларды қаржыландыруын тоқтатқан. Клубтарға иелік ететін облыстық әкімдік те бюджеттен бөліп беретін ақша жоқ болғандықтан, жалақы қарызын тек келесі жылы өтемек.

«Болат»-тың  футболшылары түгел дерлік Теміртау және Қарағанды футбол мектептерінің түлектері. Клубтың басты мақсаты осылардың шеберлігін шыңдап белді клубтарға жолдама беру болатын. Қаражатты көп талап етпесе де, аяқ алыстары жаман емес. Соңғы өткізген кездесуде өз алаңдарында қар кешіп жүріп, қарсылас қақпасына жауапсыз 3 доп соқты. Ал осының алдындағы Ақтауда өткен ойынды олар өткізіп алған. Себебі жүріп-тұруға теңге жоқ.

Александр Москаленко, «Болат» футбол клубының бас бапкері:

-Клуб басшылығы облыс әкімі ауысқан соң бізге қаржы бөлу ісі ақсап қалғанын айтады. Қазір бізге 15 миллион теңге ғана аударылды. Онсыз да ойыншылар мен бапкерлердің жалақы қарыздары жиналып қалған. Сондықтан қыруар қаражатты талап ететін сапарға барғанша қарызды өтейік деп шештік.

«Болатқа» осы кезеңді аяқтауға бір-ақ ойын қалса, хоккейшілердің қызығы енді ғана басталды. «Арыстан» командасы қазір өткізген 12 ойынның 11-де жеңіске жеткен. 2-ші қарашада хоккейшілер көкшетаулық «Арлан» командасына конаққа барып, күш сынасуы тиіс. Алайда қаражат қолбайлауынан мұның өзі екіталай боп тұр. Өйткені мұнда да екі айдан бері ешкім жалақы көрмеген. Облыс әкімдігі жоспарланған қаржыны аударғанымен, келесі жылы бюджетке үміт артпауларын ескертіпті. Ал ірі демеуші Арселор Митталдың қалтасы жұқарған сайын айтқандарынан да тайып барады.

Болат Қарабалин,«Арыстан» хоккей клубыныңпрезиденті:

-Команданы осы құрамда таратып жіберу үлкен қателік. Бір күнде жоқ қылып жіберуге болады. Бірақ қайта жинау оңай емес. Өйткені одан кейін бір де бір ойыншы бізге келмейді. Келісім шартты мерзімсіз бұзған командаға деген сенім жойылады.

-Әлемдік дағдарыс салдарынан облыстық бюджеттің бүйірі суала бастағанда, осындай командаларға сырттан келер қамқорлық та азайды. Себебі өндіріс алпауыттары қаржыны доп қуып, шайба ұрғандарға емес, темір құйып жер қазғандарға жеткізе алмай жатыр. Биліктегілер болса бір өңірге бір клуб та жетеді деген шешімге келгенін айтады. Яғни «Арыстанды» «Сарыарқаға», «Болатты» «Шахтерге» қосып жіберу. Бірақ қарызға белшеден батқан «Шахтердің» өзі қазір байтал түгіл бас қайғы күйде екенін олар ескеріп отырмаған сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде