{metadescription}
0:000:00
Қостанай облысының әкімі өзі бейнеленген матрешканы сатып алды

Қостанай облысының әкімі өзі бейнеленген матрешканы сатып алды

Матрешка иесін тапты. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов өзі бейнеленген ойыншықты 50 мың теңгеге сатып алып, авторына енді олай етпеуге кеңес берген.

Тұрғындардың ішек сілесін қатырған матрешка қыркүйек айында Қостанайдағы көрмеге қойылып, көптің назарын аудартқан-ды. Суретшіге облыс әкімі бейнеленген 20 сантиметрлік ойыншық жасауға әлдебір әйел тапсырыс берген екен. Алайда кейін өзі хабарсыз кетіпті. Сөйтіп, үстіне шапан, қолына қамшы ұстаған Нұралы Сәдуақасовтың суреті бар матрешканы жұрт назарына ұсынуды жөн көрдім дейді шебер.  2 жыл бұрын Рудныйдағы шіркеуде облыстың бұрынғы әкімі Сергей Кулагиннің «әулиелердің» ортасында тұрғаны бейнелеген болатын. Үлкен даудан кейін Кулагин қабырғадағы суретті боятып тастаған еді. Соның жолын қуған Нұралы Сәдуақасов та, шеберлерге өкпесін білдіріп, матрешканы өзі сатып алуға мәжбүр болғанын айтты.

Нұралы Сәдуақасов, Қостанай облысының әкімі:

-Осы ойыншық туралы хабар жеткен бойда, дереу көмекшімді жіберіп, матрешканы өз ақшама сатып алдым. Және автордан бұдан-былай менің рұқсатымсыз мұндай матрешканы жасамауды өтіндім. Басқалай қалай істеуім керек еді? Білмеймін. Ал осыдан кейін көрме жабылыпты деген әңгіме бос сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.