Көкшетау қаласының әкімі жұмыс орнында қайтыс болды
Көкшетау қаласының әкімі қайтыс болды. Жұмыста отырған жерінен аяқ астынан жүрегі сыр берген Жомарт Нұрғалиев кеше кешкілік Ақмола облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілген екен. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
31.10.2014
Жомарт Мирасұлы Көкшетау қаласының әкімі болып осыдан 5 ай бұрын тағайындалған болатын. 56 жастағы шенеунік еңбек жолын қатардағы құрылысшы боп бастапты. Көп жыл бизнесте жүріп, 2006 жылдан бастап шенеунік атанған. Яғни 5 жыл аудан әкімі, 3 жыл Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Ал Ақмола облысының орталығын басқаруға биыл маусым айында ғана келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!