{metadescription}
0:000:00
Алматыда бірнеше  күнге жететін бензин қоры  қалған

Алматыда бірнеше күнге жететін бензин қоры қалған

Баку Астанаға жанармай сатудан бас тартты. Бұған Әзірбайжанда артық өнімнің жоқтығы себеп екен. Ал жақында еліміздің Энергетика министрлігі ішкі нарықтағы тапшылықты жою үшін Бакумен жанармай алу жөнінде келісім жасалғанын хабарлаған еді. Бірақ енді бұдан пайда жоқ сияқты. Сол бензиннің жеткізілмеуінен болса керек, жұрт АИ-92-ні таппай әлі сенделіп жүр. Жанармай тасымалы осылай тоқтап тұра беретін болса жағдай мүлдем ушығуы мүмкін. Алматының өзінде бензиннің бар жоғы 5 күндік қоры қалған.

-Елімізде жанармай тапшылығына байланысты жағдайдың ушықпаса, оңалатын түрі жоқ. Міне соңғы бір апта ішінде бензин жетіспеушілі тағы байқалып жатыр. Жүргізушілер сенделіп жүріп жанармайы бар бекетті тапқанымен, онда ұзын сонар кезекте тұруға мәжбүр. Оның үстіне тек 10 литр бензиннен ғана сатылады.

Өткенде қылаң берген жанармайдың осындай тапшылығынан кейін Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин бензинді Әзірбайжан мен Түркменстаннан тасу жөнінде келісім жасалып жатыр деген еді. Алайда Баку біздің елге жанармай экспорттаудан бас тартыты. Себебі, олар өздерінің ішкі қажеттіліктерін ғана қамтамасыз ете алатынын айтқан. Бұл енді жығылғанға жұдырық болғандай.

Нұрлан Дүндебаев, көлік жүргізушісі:

-Бензин жоқ. Табу өте қиын. Мына өмір қайда бара жатқанын білмеймін. Мына шет жаққа шықсаңыздар кезектен көз ашылмайды. Адамдар бірін бірі қырады бензин үшін. Шын айтам.

Алтәуелсіз сарапшылар бұл жолғы тапшылықты бензин өңдейтін зауыттардан жанармай таситын цистерналардың жетіспеушілігімен байланыстыруда. Оның үстіне отандық кәсіпкерлер Ресейден жанармай тасымалдауға құнықсыздық танытып отыр. Себебі, олар үшін бұл тиімсіз. Десе де, бұл тығырықтан шығудың оңтайлы жолдары бар дейді сарапшылар.

Сергей Смирнов, тәуелсіз сарапшы:

-Биліктегілер бензин жетіспеушілігін жоямыз деп жанармайды көрші елдерден сұрай бастады. Оны қашанғы ала береміз. Тіпті, міне Әзірбайжан жанармай бермейміз деп отыр. Ал, олардан алмақ болған 10 мың тонна бензин біздің жыртығымызды жамамайды. Сол үшін мұнайды өзіміз өңдеуіміз керек. Зауыттарды көбейтіп мамандарды дайындасақ, бұл әлде қайда тиімді емес пе?

Тіпті, тәуелсіз сарапшылар келер жылы ақпан, наурыз айларында бензин бағасы 160 теңгеге көтерілуі мүмкін деп болжап отыр. Биліктегілердің бұдан басқа амалы жоқ көрінеді. Себебі, баға көтерілгенде ғана жанармай таситын кәсіпкерлер шығынға батпай бензинді молынан тасымақ. Ал, сарапшылар мұның тапшылықты жоюға тигізер әсері шамалы дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде