Бозымбаев Елбасы Жолдауы кезінде ұйықтамадым деп ақталды
«Жолдауда ұйықтаған жоқпын!» Бүгін Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев осылай деп ақталды. Жақында ғана Елбасы жолдауы кезінде оның ұйықтап отырғанын фототілшілер түсіріп алған еді. Астанаға есеп беруге келген басшы, сол суретті жариялаған журналистердің өзіне мін тақты. Кейін сабасына түскен Бозымбаев қымбат сөмкесі мен жемқорлыққа қатысты жауап беріп, ешкімнің түрмеден қашып құтылмайтынын айтты. Ал Павлодар облысының атын өзгерту мен шешетін мәселе емес деп құтылды.
Автор: Гүлнұр Имандосова
21.11.2014
Павлодар облысына әкім болғанына әлі бір жыл толмаса да , Қанат Бозымбаевтың аты жиі шығады. Мәселен, 11-ші қарашада Елбасы елге кезекті жолдауын жариялап жатқанда, ұйықтап кетіп ұятқа қалған. Оны астаналық тілшілер түсіріп алып, соңы дауға ұласқан-ды. Алайда, қалғып-мүлгіп отырған сәті фотоапаратқа түссе де, «ұйықтамадым» деп бүгін бет бақтырмады.
Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:
-Елбасы Жолдауында ұйықтап отыратын ақымақ емеспін ғой. Шын мәнінде ұйықтасам, қазір бұл жерде тұрмас едім. Қазір мен көзімді жұмсам ертең Бозымбаев өз брифингінде ұйықтап қалды деп газетке шығарасыз. Менің дәлелімді ешкімді тыңдамайды. Қойыңызшы, мен Жолдауға бірінші қатысқаным жоқпын.
Осыдан соң тілшілерді арзан сенсацияға үйірсіңдер деп сөкті. Журналистерге жекіген Бозымбаев, Павлодар облысының атауын Керекуге қашан өзгертесіз деген сауалға өзге ұлт өкілі көп тұратындықтан, өңірді 100 пайызға қазақыландыруға әлі ерте деді.
Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:
-Енді қазір не істейміз? Түгел 100 пайызын өзгертіп, басқаларын қуып жібереміз бе? Оны түсіну керек. 70 жылдығын қарсы алайын деп отырмыз ғой, Ұлы отан соғысының. Сол қаһармандардың аттарын кейбір көшелерге беретін шығармыз.
Кеңес заманынан қалғанкейбір көшелерді ғанақазақшалауға батылы жеткен басшы, жемқорлыққа қарсы қойылған сұрақты да ащы қабылдады. Өйткені қазір, облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынның шатылып жатқаны белгілі. Бұл жерде Бозымбаев, әріптесі Ноғаевтың қанатты сөзін қайталады.
Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:
-Барлық шенеунікті жемқорлар деу қате ұғым. Мемлекеттік қызметте әсіресе, жастар арасында партиоттар мен еңбекқорлар өте көп. Елге, халыққа қызмет етуге дайын. Әрине, түрмеден ешкім қашып құтыла алмайды. Сондықтан, егер жұмысты бастасаң, кейін ұят болмайтындай істеу керек. Ал, менің позициям – елбасыға адал қызмет ету.
Көп ұстата бермейтін әкімді астаналық тілшілер біраз тергеді. Тіпті атақты фирманың гламурлық сөмкесін ұстап жүр деп сыналған. Міне, ол мына сөмке.
Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:
-Сол сөмкемен Жамбылда 3 жыл жүрдім. Бірде- бір журналистің көзі түспеген,бірде-бір сұрақ болмаған. Павлодарға келсем, бірінші айда-ақ көздері түсіп, интернетке жазып жіберіпті. Жаза берсін.
-Сіз өзіңізді гламурный әкім деп санайсыз ғой?
-Жоқ, мен гламурный емеспін, мен шаруаның адамымын.
-Гламурдан бұрын іскермін деген Қанат Бозымбаев, бүгінгі баспасөз мәслихатынан терлеп шықты. Бірақ, шамданса да әр сауалға күбілтелемей ашық жауап берді. Басқа әріптесіне қарағанда осынысымен ерекшеленетін,ол облысқа қатысты айтылған сын ескертпелерді Павлодарға барған бойда түзеуге уәде етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!