Елімізде Тұңғыш Президент күні аталып өтті
Бүгін күллі ел Тұңғыш Президент күнін атап өтуде. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде, алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы дата, міне соңғы үш жылдан бері Елбасы күні ретінде тойланып келе жатыр. Ал бұл мейрам Астанада кең ауқымда аталып өтті. Елордада мереке иесінің құрметіне, таңғажайып шоу бағдарлама ұйымдастырылып, үздік әншілер мен таңдаулы шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Тіпті Нұрсұлтан Назарбаев, өзі туралы түсірілген фильмді бірінші боп тамашалады.
Автор: Ербол Сейілхан
01.12.2014
1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күнін ресми түрде тойлау Ақордадан басталды. Салтанатта жаңадан құрылған Күзет қызметі сап түзеп , протокол бойынша, өз міндеттерін атқарды. Кейін жылдағы дәстүрге сай алдымен Президенттің байрағы көкке көтерілді. Сөйтіп әнұранның әуенімен ту тұғырына қонып, соңы Жоғарғы Бас қолбасшының қадағалауымен әскери шеруге ұласты.
Елбасы күніне арналған ең үлкен шара өтетін жер осы. Сахна сыртында нағыз қарбалас. Мереке иесінің алдында өнер көрсететін жастарды айтпағанда, кәсіби әншілерден де маза кеткен. Онысын бірі билеп басса, атақты Роза Рымбаеваның өзі сахна алғаш рет шығардай тым толқулы.
-Толқитыны бекер емес. Себебі бұрын-соңды болмаған кең ауқымды шараға Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп арнайы қатысты. Ал велотрек кешеніне жиналған 10 мыңнан астам жастың қуанышында шек жоқ. Себебі дәл осындай ғаламат шоуды олар мереке иесімен бірге отырып тамашалады.
Тұңғыш Президенттің өзі келген соң әнші, биші жалпы ешкім аянып қалған жоқ. Түрлі түске айналған сахна, бірде жарық, бірде қараңғы кейіпке еніп, көрермендерді таңқалдырды. Бүгін театрландырылған қойылым да оқылған жыр да, шырқалған ән де, бәрі Елбасының құрметіне арналған.
-Елдігім сенсің
Елдігім сенсің
Елбасы.
Бүгін күш қуатты жастардан алам деген Нұрсұлтан Назарбаев та толқып, ағынан жарылды. 1-ші желтоқсанның тек жалғыз бір адамның күні еместігін айтып, оның елдік мерекеге айналғанын мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Осыдан 23 жыл бұрын біздің еліміз тарихында тұңғыш рет жалпы халықтық сайлауда өз басшысын сайлады. Сол кезде 90 пайыздан астам маған көрсеткен сенімнің арқасында, мен 15 күннен кейін Тәуелсіздікті жарияладым. Халықтың сеніміне сүйендім, халықтың сенімі күш-қуат берді. Содан бері біз 23 жыл бойы, Тәуелсіз мемлекетте өмір жатырмыз. Ешкім танымайтын қазақты бүкіл әлем таныды.
Осы думаннан соң Назарбаев «Қазақстан» концерт залына барды. Мұнда «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмін тамашалап, өзі жайлы түсірілген фильмнің алғашқы көрермені болды.
Туындыда мемлекет басшысының 1970-ші жылдардағы еңбек жолы, саясатқа енді ғана қадам басқан сәті суреттелген. Назарбаевтың бейнесін сомдаған актер де, бүгін киноны басты кейіпкермен бірге отырып бірінші рет үлкен экраннан көрді.
Нұрлан Әлімжан, актер:
-Партиялық , сол шақтағы қиын-қыстау кезеңдер.Соны қандай ақылмен, қайрат жігермен өткені, яғни 35-40 жас аралығындағы өмірі баяндалады. Бүгін премьера. Халық қуанышпен жақсы көңілмен келіп жатыр. Өзім де алғаш рет көргелі тұрғандықтан, толқу үстіндемін.
Басты көрерменінің оң бағасын алған фильм,енді жер-жерде көрсетілмек. Осылайша, нағыз жұмыс аптасы дүсенбіде тыныққан елордалықтар Тұңғыш Президент күнін ерекше атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!