КТК-да кезекті эксклюзивті фильм әзірленіп жатыр
Әріптестеріміз теңізге тікелей шығар жолы жоқ Қазақстанның тығырықтан қалай шыққанын баяндайтын кезекті фильм әзірлеп жатыр. Түсірілім тобы қазақ жеріндегі мыңдаған шақырымға созылып жатқан көлік , теміржол желісін аралады. Сөйтіп, еліміз үшін ірі табыс көзіне айналған түрлі станцияларға тоқтап, тіршілігімен танысты. Әрине, бүкіл әлем дәмелі теңіз транзиті де назардан тыс қалған жоқ. Қазақстанда дәл осы теңізге шығатын жолы болмаса да, қарекет етіп жатыр. Сондықтан фильм «К последнему морю» деп аталады.
Автор: Жәудір Оразхан
02.12.2014
Түсірілім тобы небары бір айдың ішінде ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың кең байтақ жеріндегі мыңдаған шақырымға созылып жатқан көлік, теміржолды талмай аралап шықты. Айдалада ағарып қана көрінген шағын, бірақ мемлекеттік маңызы зор әрбір станцияға тоқтап, тынысымен танысты. Мысалы, Қытаймен шекаралас аймақта жаңадан салынған «Алтынкөл» станциясы. Бұл жерден жылына миллиондаған тонна тауар тасымалданады, жүздеген мың жолаушы өтеді.
-Контейнерлердің құжаттары дайын, кешке дейін өзім бақылауға аламын. – Жақсы...
Тілшілер ішкі жолдармен шектелмеді, шет елдердегі Қазақстанға тиесілі порттарды да аралап шықты. Мәселен, Қытайдағы мына портқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген контейнерлер аялдап, әріқарай Қазақстанға, Ресе й мен Еуропа елдеріне жол тартады.
Ярослав Красиенко, «К последнему морю» фильмінің авторы:
-Вся эта территоия площадью в двадцадь гектаров называется «логистической базой». Одно из редких мест в юго-восточной части Китая, где можно услышать казахскую, русскую и английскую речь. Этот участок и принадлежит совместному казахско-китайскому предприятию.
Қазақстан қазір көлік және теміржолын толық түгендеп алған деуге болады. Ақтаудағы заман талабына сай жөндеуден өткен портқа қарасаң да көз тояды. Бірақ, өкінішке қарай Каспийдің әлемдік мұхитқа мүлдем қатысы жоқ. Әзірге біз порт арқылы Әзербайжан, Иран, Грузияға ғана тауар экспорттай аламыз. Бірақ, мұны місе тұтуға болмайды.
Асқар Мәмин, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ президенті:
-Қазір бүкіл дүние жүзінде транзиттік жолға талас жүріп жатыр. Үміткерлердің қатарында біз де бармыз. Қазақстанның теңізге тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ. Бірақ, еліміз сонда да жүктасымалына келгенде, көрші мемлекеттерге бәсекелес бола алады.
Қазақстан әуе жолдары мен жерасты құбырлар арқылы да жүк тасымалдай алатынын ескеру керек. Егер, 91-ші жылы мұнай экспорттайтын жалғыз жерасты құбырымыз болса, қазір жағдай мүлдем басқа. Азулы экономистер де теңізге тіке жолы жоқ елді кедейлік билейді деп болжайды. Яғни, Қазақстанның да қазіргі басты бас ауруы осы болып отыр. Ендеше, Қазақстан әріқарай қайтпек? Фильм барасында дәл осы сұраққа жауап іздейді. Тың туындының тұсаукесерін КТК арнасынан күтіңіздер!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!