{metadescription}
0:000:00
Қарағандыда футбол мен хоккей клубтары өтпей жатыр

Қарағандыда футбол мен хоккей клубтары өтпей жатыр

Қарағандылық «Шахтер» футбол және «Сарыарқа» хоккей клубтарын сатып алатын адам табылмай жатыр. Жекешелендіру аясында саудаға түскен клубтардың бүгінге белгіленген электронды сатылымы алушының жоқтығынан өтпей қалды.

«Сарыарқа» хоккей клубының бағасы 77 жарым миллион теңге деп белгіленіпті. Бірақ былтыр ел көлемінен асып жоғарғы хоккей лигасының «Братино» кубогын жеңіп алған ұжымның жайы мәз емес. Өйткені қаржыландырудың ақсауынан легионер атаулы келісім-шарттары аяқталысымен үйді үйіне тарап кеткен. «Шахтердің» жайы да осыған шамалас. Қаржылық қиындықтардан бұл ұжым да мықты ойыншылары тарап кеткені өз алдына, бас бапкері Виктор Кумыковпен де келесі жылға келісім шарт жасалмады . Жылдық бюджеті 3 миллиард теңгені құрайтын клубтың құны 214 миллион теңге. Бүгінге белгіленген саудаға тіпті ықылас білдіргендер де болмаған. Осылай жалғаса берсе бағасы 20 пайыздан түсіріліп тағы үш рет сауда жүреді екен. Болмаса бюджеттің теңгесін тағы да ел аузынан жырып, осыларға беруге тура келеді.

Наталья Сухорукова, Қарағанды облыстық спорт басқармасының жетекшісі:

-Үш ретте де алушы табылмаса клубтар мемлекет меншігінде қалады. Қаржыландыру, дамыту істері жоспардағыдай жалғаса береді. Сауданың жүрмеуіне қазіргі әлемдегі қаржылық жағдайдың әсері тиіп жатыр деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде