Павлодарда атақты клубтың басшыларын соққыға жыққандарға қатысты сот басталды
Павлодарда «Ертіс» футбол клубының бұрынғы басшыларын соққыға жыққан 4 адамға қатысты сот басталды. Естеріңізге салсақ, мамыр айында клуб жетекшілеріне бетперде киген бұзақылар шабуыл жасаған болатын.
02.12.2014
Команданың бас директоры Қалымжан Ержанов пен техникалық директоры Болат Ысқақовты үйдің алдында сабап кеткен. Басын арматурамен жарып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан Ысқақовтың жағдайы қазір де нашар. Ал жеңіл жарақаттармен құтылған Ержанов өкпесі ауырсынғандықтан алғашқы сот отырысына келмеді. Екі азамат «Ертіс» футбол клубын басқаруға биыл ақпан айында тағайындалған еді. Оларды 25 пен 30 жас аралығындағы мына жігіттер сабап кеткен. Төрт күдіктінің бірі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілсе, қалғандары қамауда отыр. Ал бұзақыларға тапсырыс бергендер әлі күнге дейін анықталмаған. Осы ретте айта кетейік, клуб басшыларына шабуыл жасалған күні павлодарлық «Ертіс» семейлік «Спартакты» 5:0 есебімен ойсырата жеңген. Осы оқиғадан кейін қос басшы өз еріктерімен жұмыстан кетті.
Николай Чумаков, Қ. Ержановтың сенімді өкілі:
-Кез-келген сөзіміз сотқа қысым көрсету деп қабылдануы мүмкін. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймын. Ал Ысқақов әлі күнге дейін өзін нашар сезінеді. Ержанов мырзаның халі оған қарағанда жақсы. Оларды аяусыз ұрып, қашып кеткен бесінші адамның кім екені белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!