{metadescription}
0:000:00
Алматыда  базарға таласқан бизнесмендердің жанжалы  саудагерлерді шығынға батыруда

Алматыда базарға таласқан бизнесмендердің жанжалы саудагерлерді шығынға батыруда

Алматы базарларының бірінде де бүгін келеңсіз жағдай болды. Таңертең жұмысқа келген саудагерлерге ішке кіруге тыйым салынып, күзетшілер есікті бекітіп тастаған. Тіпті шу шыққан аумаққа өрт сөндірушілер мен полицейлер түгел жиналды. Сөйтсе, қыруар қаражат түсіретін базарды құрылтайшылар осымен 5 жыл бойы бөлісе алмай келеді екен.

Алғашында кәсіпті бірге бастап, даңғарадай сауда орталығы мен базар салғандар әу баста тым тату болғанымен, қазір қабақтары қату. Cодан болар шу шыққан жер ушықпасын деп, өрт сөндірушілер мен полицейлер тайлы-тұяғымен түгел жиналған. Құны 50 миллион доллар базарды бөлісе алмағандардың бірі тіпті күзет әкеліп, саудагерлерді қуып шығыпты. Оған қырсыққан екінші тарап ішке бекініп алып, дәліздерге түгел бензин төгіп кеңселерінің алдына тікенек сым төсеп тастаған.

Фарид Хусниддинов, «Тигрохауд» ЖШС заңгері:

-Сотта жеңілгеннен кейін олар бізге мөрлер мен кеңселерді және заңдық күші бар құжаттарды тапсыруы керек. Бірақ міне, сауда орнын өртейміз деп, кеңсені бекітіп алған. Сот шешімін орындаудан бас тартып отыр.

Десе де, журналистердің келгенін естіп жібіген қарсы жақ дәлізге шықты. Сөйтсек сот оларға да «Рәш» пен «Тигрохауд» базарларын меншіктейтін сот шешімін шығарып беріпті әріректе. Құжаттары қолдарында жүр. Сол себепті бас кетсе де базарды бермейміз дейді олар.

Асылан Саматұлы, «Жаужүрек» ЖШС өкілі:

-Алматы қаласының экономикалық соты бірінші 82 пайыз үлесі бар бізді осы сауда орталықтарының заңды иесі деп таныған. Артынша дәл сол сот аталмыш шешімнің күшін жойып, 14-ақ пайыз үлесі бар қарсы жақты осы сауда орындарының иесі деп үкім етті. Қазір біз Бас прокуратураға арыздандық. Сол шешімді қолымызға алмай ешкімге ешнәрсе бермейміз.

Екі түйе сүйкенсе арасында нақақ өліп кететін шыбынның күйін кешкен сатушылар қыруар шығынға баттық деп шыр-пыр болуда. Өйткені мұнда мына даудан кейін сауда тоқтап тұр.

Әсия Тілеуқабылова, саудагер:

-Жаңа жыл алдында бағаны төмендетіп көтерме сауда жасаймыз деп жатқанбыз. Бірақ басшылар өзара келіспей әдейі бензин төгіп, елде жоқ күзет қойып бүкіл жоспарды құртты. Енді міне, бутиктердің ақысын төлеп, жұмыссыз далада отырмыз.

Бұл тек бүгін белең алған жанжал емес. Құрылтайшылардың қымқырған қазынасы бүтін базардың базынасына айналғалы 5 жылға жуық уақыт өткен.

-Алайда соттан сотқа сүйрелген қос тараптың ешқайсысы 50 миллион долларлық сауда орындарының етегінен ажырағысы жоқ. Ал құрылтайшылардың қырсығынан сең соққан балықтай сенделіп саудасыз қаңғып қалған саудагерлер әзір ғимарат алдын торуылдап жүр. Қырсық шалып дәліздерге төгілген бензин тұтанып кете ме деп жүрексінеді. Әрі іңір таяса да олар әлі ішке ене алмай әлек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.