Шымкентте саудагерлер базар басшылығына қарсы шықты
Шымкентте орталық базардың ет сатушылары жұмысқа шығудан бас тартты. Өйткені базар басшылығы өздерінің алып келген малын ғана сойып сатуды талап еткен. Оның өзін саудагерлерге қымбат бағаға алуға мәжбүрлемекші. Мәселен, әдеттегі алатын ірі қара малдың етіне 20 мыңнан, ал қой-ешкіге 5-6 мыңнан қосып отырған.
Автор: Бек Әбиев
02.12.2014
Шымкенттің «Қырғы» базарында бүгін қырғын боп кете жаздады. Мұнда 30-дан астам ет сатушы күнделікті жұмыс орындарына шығудан бас тартты. Себебі, базар басшылығы оларға басқа етті қойып, «біз әкелген малды ғана сатасыңдар»- деген талап қойған. Ал, басшының малы қымбат әрі сапасыз болып тұр.
Шәрипа Есілбаева, саудагер:
-Бұрын 900-ден 950-ден әкеп беретін еді. Мыңнан 1050-ден сататынбыз. Қазір 1030-1050-ден әкеліп беріп жатыр. Қазір 1200-ден әкеліп клиентті жоғалттық, айналайын. Қалтамыздағы барымызды тауыстық. Кредитіміз және бар. Патентті де төлейміз. Арендаға төлейміз.
Мұндағы сатушылар бірігіп мал алып байлап, семірткен соң сойып сатып үйренген. Ал мынау ет павильонының іші. Бүгін мұнда базар басшыларының әкелген етін сатуға келіскен 3-ақ сатушы қалыпты. Қалғаны оны өткізу қиын дейді.
Жандарбек Қыстаубаев, саудагер:
-Мынаны қараңызшы мынаны, мынаны біз қайтіп сатамыз халыққа?
-Ұрылған. Қанталаған. Мұндай малды мәжбүрлеп сатқызып жатыр ма?
-Енді сатпасаңдар шығып кетіңдер. Павильонды босатыңдар дейді болды.
Ал сатушылар бұл жерді тастап кете алмайды. Өйткені әр орынды қыруар қаржыға сатып алыпты. Әрі ай соңына дейін салығын да төлеп қойған. Тіпті, былтыр ғана сатушылар 2 миллион жинап, павильонға жөндеу жүргізіпті. Базар басшылығы болса сатушыларға тек жақсылық жасап отырмыз деп азар да безер. Бірнеше күн бұрын бір компаниямен келісіп, соның малын алып келіп жатқанымыз рас дейді.
Серік Ұзақбаев, базар құрылтайшысы:
-Шығынға батуы олардың мүмкін емес. Біз енді қазір оларға сатушыларға жағдай жасап жатырмыз. Жалға алуды, коммуналдық төлемді алып тастасақ дейміз. Төмен бағамен беріп, күнделікті табысын екі есе көтерсек деген ойдамыз.
Бірақ саудагерлер мұндай жарылқаудың қажеті жоқ дейді. Бұрынғы тәртіпті қайтарылғанын қалайды. Әйтпесе мемлекеттік мекемелерге барып аштық жариялаймыз деп бекініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!