{metadescription}
Туристерді алдап соққан әуе компаниясы лицензиясынан айрылды
Туристерді алдап соққан әуе компаниясы лицензиясынан айрылды

Туристерді алдап соққан әуе компаниясы лицензиясынан айрылды

600-ге тарта туристі далада қалдырған "Инвест авиа" компаниясы лицензиясынан айырылды. Қазақстан заңына пысқырып та қарамаған әуе компаниясы енді жұмысын тоқтатуы тиіс. Бірақ осы «Инвест авиа»-ның  ұшақтарымен шетелге жеткізілген отандастарымыз елге қайта алмай зар жылап отыр.

Компанияның лицензиядан айрылуына ұшақтарға қатысты техникалық талаптарды орындамауы себеп болған. Айта кетсек, о баста «Инвест авиа»-ның Қазақстан нарығына кіруіне отандық әуе компаниялары мен туроператорлар жаппай наразылық танытқан еді. Бірақ, соған қарамастан Азаматтық авиация комитеті оларға біздің нарыққа өтуіне рұқсат берді. Тіпті, осы қазан айында туристерді тасымалдауға кірісіп те кеткен екен. Алайда, арада бір ай өтер-өтпесте шетелге саяхатқа шыққан 580 жерлесіміз туған жеріне қайта алмай отыр. Олардың 3 жүзі Мысырда, 280-і Таиландта қалған. Алданғандарын кеш білген отандастарымыз енді не істерлерін білмей дал. Бірақ шенеуніктер туристердің алдыңғы легі 5-ші желтоқсанда елге оралады деп сендіріп отыр.

Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

-Шетелде қалған жолаушылар бойынша біз қазақстандық компаниялармен сөйлесіп жатырмыз. Жолаушылар қалмайды. "Пегасус" өзінің кепілдігін айтты. Және де біздің авиакомпанияларымыз олардың бағдарламасын әрі қарай жалғастыруға дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде