Астанада үздік өнімдердің көрмесі өтті
Министрлерге мангал немесе әкімдіктерге арнап тігілген перделер. Бүгін Астанаға еліміздің әр өңірінен осындай үздік тауарлар жеткізіліп, Есілдің сол жағалаудағы шенеуніктердің назарына ұсынылды. Әкелінген тауарлардың бәрі өз өңірінен мықты деп танылғандары.
Автор: Гүлнұр Имандосова
05.12.2014
Мына тауар өндірушілер еліміздегі 700 кәсіпорын мен компания арасынан шыққан үздіктер. Астана төріне өтуге тек 150 мекемеге ғана мүмкіндік беріліпті. Тіпті, Үкіметтегі шенеуніктердің назарына ілінеміз бе деген ниетпен кәсіпкерлер мындаған шақырым жерлерден әдемі бұйымдарын, ауыр заттарын көтеріп келуге ерінбеген. Кәсіпкерлердің сөзінше, бұл тауарлардың басым бөлігін шенеуніктер сатып алады екен. Мысалы, мына кәуап пісіретін эксклюзивті мангалға министрлер ақшаларын шығындауға дайын болса, ал әдемі тігілген перделерді облыс әкімдерінің жұмыс кабинеттерінен кездестіруге болады. Дегенмен, бүгін машина жасау, көпір құралдарын шығаратын зауыттар, көмір өндіретін мекемелер мен әскерилерге арнайы киім тігетіндердің расымен де үміттері ақталды. Көрмені аралаған Үкімет басшысы осы кәсіпкерлерге кеңінен тоқталған.
Айсұлу Оразбаева, кәсіпкер:
-Сіз байқап отырсыз ба, бәрі қазақша. Қазақша оюды әрі қарай нығайтып, халқымызды еуропаша емес, қазақша өмір сүруге қол жеткізіп жатырмыз. Астана халқына ұнасақ, одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!