{metadescription}
0:000:00
Әкемтеатрда «Қорқыттың көрі» атты спектакльдің премьерасы өтті

Әкемтеатрда «Қорқыттың көрі» атты спектакльдің премьерасы өтті

Алматыдағы әкем театрда тағы бір жаңа спектакльдің тұсауы кесілді. Қазақтың біртуар ақыны Мағжан туралы қойылымнан кейін ұзақ уақыт өтпестен, Иран-Ғайыптың аңыз-дастаны желісінде сахналанған «Қорқыттың көрі» көрерменге жол тартты. Жаңа туындының қоюшы-режиссері – Литвада келген Ионас Вайткус.

– Топырақты басынып, қара жерді су алды.

Екі аяқты, жұмыр бастының зәре-құтын ұшырып,

Салып тудым ылаңды.

Мен келген соң сескенді ме, ес көрді ме затымды,

Қорқыт қойды ел атымды...

Бұл бүкіл Шығыс өркениетінің іргетасын қалауға күш салған ұлы тұлғалардың бірі. Оның ролін актер Дулыға Ақмолда ойнады. Қорқыттың тәмсілдерін оқи отырып, көз алдымызға жер ортасынан асқан ақсақал елестейтіні сөзсіз. Дегенмен Алашқа аты мәшһүр тұлға бар болғаны 40 жыл өмір сүрген.

Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

– Қорқыт – бүкіл түркі әлемінің бабасы.  Бұдан 20-30 жыл бұрын жазылған шығарма болғанымен, бүгінгі күнмен үндесетін, ондағы көкейкесті мәселелер, өмір мен өлім арасындағы, жалпы, адам баласының бұл дүниеге не үшін келетіні туралы ой толғайтын спектакль.

Бір ерекшелігі, лирикалық драманың авторы Иран-Ғайып спектакльге өзі де қатысқан. Театрдың мәртебелі меймандары автордың рольде ойнайтынын күтпесе керек. Мұнда Жерұйық іздеп жортып өткен Қорқыттың заманы мен бүгінгі күн астасып жатыр. Жары – Сарын аруды қобызшы құдіретті өнерімен баурап алған деседі.

– Қорқыт тартқан қобыз күй,

Тылсым үні...

Тәтті ұйығына тартып барады.

Көремей-білмей құдіретіңе ынтызарым артып барады...

Пьеса проза емес, поэ­зия тілінде жазылыпты. Актерлер де тіліміздің поэтикалық бояуы мен мәтіннің ырғағын жоғалтпай жеткізе білген. Қойлымға жалпы саны 30 әртіс қатысты. Мұндағы діни наным-сенімдер адамзат санасының даму деңгейін көрсетеді. Ал Қорқыттың жанын алуға келген қызыл қанат әзірейілдің ролінде Шынар Жанысбекова ойнады.

– Жауабы жоқ сұрақсың,

Жанына рақымы түспейтін

Неткен сараң шұнақсың?

Ашып қара көзіңді.

Бар-жоғың қырықта,

Перғауынша сезінесің өзіңді...

Жалпы, қойылым оқиғасы Мұхаммед пайғамбар заманына жақын тұста, Баят, яғни, қазіргі Сырдария өзені бойында өткен. «Қорқыттың көрі» – талғамы биік көрерменге арналған туынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде