{metadescription}
0:000:00
Оңтүстікте жұрт сапасы нашар нанды жеуге мәжбүр

Оңтүстікте жұрт сапасы нашар нанды жеуге мәжбүр

Оңтүстік Қазақстанда жұрт сапасы нашар нанды жеуге мәжбүр. Үкімет тапсырмасы бойынша бірнеше жылдан бері наубайханалар тұрмысы төмен отбасыларға арнап арзан нан пісіріп жүрген. Ал оларға әлеуметтік ұнды әкелушіні облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы анықтап береді екен. Енді сол компанияның наубайханаларға үлестірген ұнынан пісірілген ас атасы тек малға азық болуға жарап тұр. Оны 35 теңгенің орнына 20 теңгеге беруге мәжбүр наубайханашылар енді қыруар шығынға ұшырап жатырмыз деп шағымдануда.

Сәуле Арыстанбекова наубайхана ісімен 25 жылдан бері айналысып жүр. Бұған дейін кәсібін тәп-тәуір дөңгелетіп келген іскер әйел түйткілдің барлығы жыл басында басталды дейді. Облыстық ауыл шаруашылғы басқармасының ұсынысымен наубайхана «Тұрар» компаниясынан әлеуметтік ұн алып, Төлеби ауданына сату үшін келісім-шартқа отырған.

Мәселе нанның пішінінде ғана емес. Дәмі тым нашар. Бұл ұнның 400 қабын алған наубайханашы бір айда 40 мыңға жуық нан пісіріпті. Оны сөрелерге қойған соң тұрғындар ренжіп, дүкендерде айғай-шу шығарған. Енді 35 теңгеден өтуі тиіс нанды ол 20 теңгеден малға азық ретінде сатып жатыр.

Сәуле Арыстанбекова,  кәсіпкер:

- Бұл нанымыз мүлдем өтпей шығынға да ұшырап жатырмыз. Қазір қоймада 200-ге жуық қабымыз қалды. Оны не істейміз білмеймін.

Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар бұл туралы біледі. Олардың айтуынша, кінә Қостанайдан келіп жатқан бидайдан болып отыр. Қарашаның соңында келген 18 вагон астықтың ішінде бір тоннасы нашар шығып, дәл содан тартылған ұн Төлеби ауданына жөнеліпті.

Нұрбек Бадырақов, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Енді бірінші партиясында жаңағыдай жағдайға барып отыр. Оған көз жеткіздік. Енді сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, мына шығын қайтару мәселені, коммиссия қарап болған соң ескерілетін болады.

Бұған дейін Төлебилік нанды естісе де көрмеген шенеунікке әлеуметтік нанды әдейі алып бардық. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған өнім сала басшысының да жағасын ұстатты.

-Оңтүстікте шеттен келген бидайды ұн қып тартып, облысқа тарататын үш оператор бар. Соның бірі «Тұрар» компаниясы. Бұл мекеме өз кезегінде 9 ауданға ұн жөнелтеді екен. Әзірге ұн мен нанның сапасына тек Төлеби ауданы ғана шағым түсірді. Ал қалған ауданда мынандай әлеуметтік нан сатылып жатуы да әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде