Жамбыл облысында есірткі сатқан мұғалім түрмеге жабылды
Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан мұғалім өз жазасын алды. Білім берумен қатар, гашиш сатуды қоса алып жүрген ұстаз енді алдағы 10 жылын түрмеде өткізеді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
05.12.2014
Жыл басында Меркі ауданында ағылшын пәні әрі екі баланың анасы есірткі сатты деген күдікпен ұсталған. Тінту кезінде үйінен 34 пакет гашиш табылған еді. Көп ұзамай сыбайластары да қамауға алынды. Енді сот шешімімен тоғыз жыл шәкірт тәрбилеген ұстаз 10 жылға қамалса, оның азаматтық некедегі күйеуі, әрі қылмыстық топтың жетекшісі 19 жылға абақтыға айдалды.
Самат Төлесбай, судья:
- Айнақұловпен бірге жүріп, тұрмыс құрып, қылмыстық әрекеттеріне ілесіп, соған бой салып кеткен. Тергеу кезінде есірткі заттары табылды. Жасаған қылмыстарының салдары ауыр болғасын, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!